ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ОБЛЫСТАН 150 ҮМІТКЕР БАР

20:36, 22 қыркүйек 2021

Жоғары білім 5 жылдан кем емес еңбек өтілі және қазақ тілін білу. Президенттік жастар кадрлық резервіне алынатындардың жасы сондай-ақ 35-тен аспауы керек. Бұл жобаның мақсаты дарынды да, білімді жастарды анықтап, мемлекеттік қызметке тарту. Облыстан қанша адам өтініш берді және олар кімдер, тілшіміз баяндасын.

Ғалымжан Абаев 2012 жылы мемлекеттік қызметке келген. Енді жастар кадрлық резервіне қатысу үшін өтініш беріп, бағын сынамақ. Осылайша маман өзінің кәсіби біліктілігін арттырып, жаңа белестерге қол жеткізсем бе дейді.

ҒАЛЫМЖАН АБАЕВ, КӘСІПКЕРЛІК, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Президенттік кадр резервіне қатысу себеебім бұл өз тәжірибемді, білімімді жетілдіру мақсатында. Оған қатысуға жастарды шақырамын.

һПрезиденттік жастар кадрлық резервіне барлық өңірлерден 2,5 мыңнан астам, тек Солтүстік Қазақстаннан 150-ден астам адам үміткер болып отыр. Бұл бөлімшелердің, бөлімдердің, басқармалардың басшылары, бас мамандар, педагогтар және өзге мамандық иелері. Биыл іріктеу 1 қыркүйектен басталып, ай соңына дейін жалғасады.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО,  ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

- Қазіргі іріктеудің ЕРЕКШЕЛІГІ үміткерлер мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растауы қажет. Тіркеу кезінде үміткерлер еңбек өтілін растайтын, білім туралы құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ белгілі компанияның жарамды сертификатын жүктейді.

Егер кандидатта құжатты беруде қиындықтар туындаса және оны өз бетінше шешу мүмкін болмаса, мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары тиісті көмек көрсетуге әзір.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...