ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

«РАМАЗАН КЕРУЕНІ» МАРАФОНЫ ӨТТІ

20:52, 30 сәуір 2021

Кең болсаң, кем болмайсың! Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастырумен  «Берекелі рамазан сыйы» жобасы аясында «Рамазан керуені» марафоны өтті. Сауапты шара барысында жалғызілікті аналарға, тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді. Акция аясында өңірдегі 800-ге жуық шаңыраққа азық-түлік себеттері үлестірілді.

«Берекелі рамазан сыйы» жобасы аясында «Рамазан керуені» марафоны республика көлемінде ұйымдастырылды. Сауапты іс-шара барысында еліміздегі 11 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті таратылды. Ал солтүстік өңірде 800-ге жуық шаңыраққа көмек көрсетілді. Жалпы қасиетті айда өңірде көптеген қайырымдылық іс-шаралары жоспарланған. 

ҚАСЫМХАН АБДОЛЛАҰЛЫ, СҚО БОЙЫНША «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ:

«Біздің тарататын қоржында ең қажетті азық-түліктер бар. Оның ішінде ұн, май, қант, күріш сол сияқты макарон өнімдері. Және де осы біздің акциямызға үлес қосқан барлық бауырларымызға Алла тағала разы болсын деп айтамыз. Және 17 тонна пияз осы азық-түліктерге қоса берілетін болады. Бұл берекелі Рамазан айы. Осы Рамазан айында барша мұсылман сауап амалдарын жасағысы келеді. Осы айда зекеттерін береді. Осы айда пітір садақаларын береді. Және көптеген қайырымдылық іс-шараларын жасау. Сауапқа ие болу.»

Шара барысында аз қамтылған, көп балалы және жалғызілікті аналар мен әкелерге және қайтыс болған дін қызметкерлерінің отбасыларына да жәрдем көрсетіліп, азық-түлік себеттері үйлеріне дейін жеткізілді.

  1. «Бізді ұмытпайсыз. Көп рахмет. 8 наурызда келіп, құттықтап кетті. Балаларға айттым. Балалар бәрі қуанып қалды. Сізге көп рахмет! Ұмытпайсыз! »
  2. «Сіздерге көп рахмет! Елеп әкелгендеріне. Еліміз жеріміз бәрі аман болсын! Сіздер де аман болыңыздар. Рахмет! »

Қасиетті айдағы қайырымдылық шаралары жалғасын табады. Келесі жұма күні «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» шарасы өтеді. Мұқтаж отбасыларға кез-келген адам көмек қолын соза алады.

Нұрбол Балғабеков

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...