ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

РЕФЕРЕНДУМ-2022

11:05, 5 маусым 2022

Қызылжар ауданы Бескөл ауылында Конституцияға түзетулер бойынша референдум штаттық режимде өтіп жатыр. Аудан орталығында дауыс беруге құқығы бар қанша адам тіркелген? Тұрғындар белсенді ме? Әріптесім Нұрбол Балғабеков сабақтасын.

 НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

- Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында таңғы 7-де 7 сайлау учаскесі ашылды. Шамамен 9 мыңнан астам адам дауыс беруі тиіс. 

Бескөлдіктер жалпыхалықтық референдумда белсенді. Таңнан тұрып, өз өз құқықтарын пайдаланып жатыр. Солардың бірі - Қызылжар ауданының тұрғыны Гүлжан Дүйсенбаева. Ел тағдырына бей-жай қарай алмаймын,- дейді ол.

 ГҮЛЖАН ДҮЙСЕНБАЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Бүгін қызымен келдім. Өзімнің шешем бар 93-ке келген. Соны үйге шақыртып. Ол да өзінің нұсқасын білдіргісі келеді. Жақсы тұрамын дейді. Тұрмысым жақсы болсын дейді. Қазақстан бізде жамандық болып жатқан жоқ. Әрдайым ақшасын да, зейнетақыны да көбейтіп жатыр. Әр сайлауда ылғи белсенділік танытамын. Ол өзіміздің еліміз үшін, жұртымыз үшін ғой. »

 Азаматтар 33 бапқа ұсынылған түзетулер бойынша өз таңдауын жасайды. Айта кеткен жөн, Бескөл ауылындағы 269 сайлау учаскесінде дауыс беруге құқығы бар 1613 адам тіркелген.

ЭЛЬМИРА ҚАБИЕВА, №269 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- «9 адамға денсаулықтарына байланысты қызмет үйлерінде атқарылады. Ең алғаш рет дауыс беретін адамдар саны – 18. Бұл - жас балалар. Дауыс беру учаскесінде 5 комиссия мүшесі бар. жақсы өтіп жатыр деп айтуға болады. Адамдардың келуі қарқынды.»

Айта кетейік барлық дауыс беретін учаскелер таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейтін болады.

 

Нұрбол Балғабеков

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар