ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

РЕФЕРЕНДУМ – 2022

11:07, 5 маусым 2022

Петропавлдағы Нөмір 647-ші референдум участкесінде 250-аден астам адам дауыс берді. Бұл учаске облыстық көп салалы ауруханада орналасқан. Науқастар сағат таңғы онға дейін дауыстарын беріп үлгерді.

 647-ші референдум учаскесі Брусиловского, 20 көшесі, облыстық көпсалалы ауруханада орналасқан. Бұл учаске өз жұмысын таңғы 7-де бастады. Бүгінде облыстық ауруханада түрлі ем алып жатқандардың саны 250-ден артық. Александр Карпусь Қызылжар ауданы, Бескөл ауылының тұрғыны ауруханада ем алып жатқандардың бірі. Жалпыхалықтық референдумға қатысу – еліміздің әр азаматының құқығы дейді ол.

 АЛЕКСАНДР КАРПУСЬ, ӨҢІР ТҰРҒЫНЫ:

Қазір мен ауруханада гастроэнтрологиялық бөлімде ем алып жатырмын. Бізге мұнда республиалық референдумда дауыс беруге мүмкіндік берді. Мен өтіп жатқан референдум маңызды науқан деп білемін.

Акт залына келуге жағдайы жоқтарға референдумның участкелік комиссия мүшелері сол науқастардың палаталарына барып дауыс беруге мүмкіндік береді.

 ДАРЬЯ ПЕТРИЩЕВА, РЕФЕРЕНДУМНЫҢ УЧАСКЕЛІК КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бізде хирургиялық және нейрохирургиялық бөлімдер бар. Онда операциядан кейінгі науқастар жатыр. Сол себепті олар әлі әлсіз болғандықтан, өз бетінше бұл жерге келе алмайды. Сондай-ақ, жүктілік патологиясы және гинекология бөлімінде де кейбір жүкті әйелдер сақтауда жатыр. Оларға да жәшікті апарамыз.

 Облыстық көпсалалы аурухана тәулік бойы жұмыс істейтін стационар болғандықтан, сенбі және жексенбіге қараған түні түскендер бар. Сол себепті дауыс берушілер тізіміне тағы 3 адам қосылды.

5 адамнана құрылған референдумның учаскелік комиссиясы көпсалалы облыстық ауруханасында ем алып жатқан 70 науқастың бөлмелеріне барып, жалпыхалықтық референдумда дауыс беруге мүмкіндік берді.

 

Айгерім Құсайынова

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар