ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

РЕФЕРЕНДУМ-2022

13:06, 5 маусым 2022

ҚР-ның Ата Заңына түзетулер мен өзгерістер енгізу бойынша референдумда өңір бойынша 379 мыңнан астам адам өз дауысын беруге құқылы. Облыста 648 сайлау референдум жұмыс істеп жатыр. Олар жұмысын таңғы сағат 7-ден бастап, кешкі 8-ге дейін жалғастырады.

Петропавлдағы № 595 референдум учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 7-ден бастады. Бұл жерде кешкі сағат 8-ге дейін 1336 қызылжарлық дауыс беруі тиіс. Референдумға өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов та қатысып, таңдау жасады.

Бір айдан астам уақыт бойы түрлі деңгейдегі депутаттар, қоғам белсенділері халықпен кездесулер өткізіп, елімізде жүргізіліп жатқан референдумның маңыздылығын түсіндірді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бүгінгі референдумде елімізідің болашағы айқындалады.Халық өзгерістерді күтеді. Мемлекет басшысы ұсынған өзгерістер осы көптен халықтың қойып отырған сұрақтарына жауап береді.

Жалпы бұл референдум уческесінде таңғы 10ға дейін 110 адам дауыс берді.

ҚАНАТ СӘДУАҚАС, №595 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Жалпы, дауыс беру орташа деңгейде өтіп ажтыр.Таңертеннен көбінесе егде жастағы адамдар келді, түске қарай жастар келуі тиіс. Жалпы, 50-60 проценті болып қалуы мүмкін.  Алалғаш рет дауыс беріп жатқандардың саны 15 адам бар.

Референдумға белсене қатысқандардың арасында 1 ҰОС ардагері және 20 тыл еңбеккері бар.

НИКОЛАЙ ОРЛОВ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ:

- Референдум мемлекетіміздің өркендеп, дамуына оң өзгерістер алып келеді деген сенімдемін.Халқымыздың тұрмыс жағдайы да әлдеқайда жақсарады деп ойлаймын.

Бұл күні референдум учаскелерінде жәрмеңке ұйымдастырылып,  дауыс бергендер макарон өнімдері, сұйық май, ұн, қарақұмық және күріш сынды азық-түлікті төмен бағамен сатып ала алды.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар