ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

РЕФЕРЕНДУМ-2022

15:06, 5 маусым 2022

Елді мекендер тұрғындары да бір адамдай референдумге қатысып, дауыс беріп жатыр. Мамлют ауданында 31 учаске жұмыс істеп тұр. Онда 13 мыңнан астам адам тіркелген. Солардың 65,5 пайызы түске дейін дауыс беріп үлгерген. Арна тілшілері Мамлютка қаласындағы 324 референдум учаскесінде болып, ондағы жағдайды көріп қайтты. Ендеше сюжет көрелік.  

Мамлютка қаласындағы №1-ші мектеп гимназиясында орналасқан учаскеге келушілер қатары таңертең сияқты емес, сәл саябырсыған. Референдум учаскесі комиссиясының өкілдері тұрғындардың дені ерте келіп өз таңдауларын жасады дейді.

ҒАЛИХАН БҮЙРЕКБАЕВ, № 324 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- 1619 сайлаушы бар. соның 58 пайызы өз таңдауын жасады. Бәрі жақсы өтіп жатыр. Бәрі заң бойынша өтуде.

324 учаскеде алғаш рет дауыс беретін 20 адам бар екен. Оларға мұнда шағын сыйлықтар әзірлеген.

- Өзгерістерден тек жақсылық күтеміз. Сол үшін бүгін келіп дауыс бердім

- Бүгін мен өз азаматтық борышымды орындау үшін дауыс беруге келдім. Бұл іс-шара болашағым үшін маңызды деп есептеймін.

Жалпы ауданда 31 учаске жұмыс істеп тұр. Соның 4-уі Мамлютка қаласында орналасқан. 13 мыңнан астам адамның дауыс беру құқығы бар. Түске таман солардың 65,5 пайызы өз таңдауларын жасап үлгерген.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар