Жастар референдумға қатысты өз көзқарасын білдірді. Олар пікірсайыс арқылы көпшілікті маңызды шараға қатысып, таңдау жасауға шақырды. Өскелең ұрпақ тағы қандай ойлар айтты? Оны М.Қозыбаев атындағы СҚУ өткен дебат ойындарына куә болған тілшіміз тарқатсын.
Спикерлер ортаға шығып пікірлерін білдірмес бұрын оларға 5 минуттық дайындық берілді. Өз ойын жинақтап, қызу дайындалып жатқандардың бірі – Айнұр Досан. М.Қозыбаев атындағы СҚУ 2-ші курс студенті дебат ойындарына 1 жылдан бері қатысып жүр. Бүгін ол жастарды дауыс беруге шақырудың жолдарын ұсынбақ. Өйткені, оның қатарластарының дені мұндай саяси науқандарға қатысуға асықпайтын көрінеді.
АЙНҰР ДОСАН, «ШЫҢ» ДЕБАТ КЛУБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ:
- Қазіргі таңда қоғамда студенттер белсенді емес, және олар мемлекеткте болып жатқан істерге бей-жай қарайды. Біз сондайадамдармен тиімді жұмыс жасаудың жолдарын түсіндіреміз. Қазіргі таңда жастарға мотивация ретінде, оларға пайда әкелетін дүниелерді ұсыну керек. Яғни, қызықты іс-шараларды жасап, оларға көрсетіп беру керек.
Дебат ойындарына 4 команда қатысып жатыр. Олар референдумды тиімді өткізудің жолдарын ұсынатын болады. Жалпы пікірсайыс впф форматында өтуде.
РҮСТЕМ АРМАНОВ, «БОЛАШАҚ ҚАЗАҚСТАНҒА» ҚСБ ТӨРАҒАСЫ, «ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ФЕДЕРАЦИЯСЫ» ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
- Мұнда да үкімет және оппозиция бар. Олар референдум керек па? Жоқ па? Деген мәселені талқыламайды. Олар оны өткізудің тиімді жолдарын қарастырады. Салыстырулар арқылы өз қарастарын білдіреді.
Ал жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталатын болады.