Солтүстікқазақстандықтар жақында тағы да Есіл, Түмен, Тобыл және Сургут қалаларына автобуспен қатынай алатын болады. Пандемияға байланысты екі жыл жабық болған «Қызыл Жар» өткізу пункті ашылмақ.
Биыл 11 сәуірде Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кіретін адамдар үшін шектеулер алынып тасталған еді. Облыс аумағында 4 халықаралық автоөткел бар. Соның үшеуі сәуір айында ашылды, ал халықаралық автобус жүретін «Қызыл Жар» өткізу пункті жабық болды. Осыған байланысты сәуір айының соңында СҚО Кәсіпкерлер палатасына " Петропавл автобекеті "ЖШС директоры Александра Сысоева осы бағыттарды ашу жөнінде жүгінген.
Ольга Достлер, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
- ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы болып, ол жерде республиканың 7 облысында ҚР Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пунктінің, оның ішінде «Қызыл Жар» автомобиль өткізу бекетінің жұмысын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Енді осы шешімнің іске асуын күтеміз