ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ

17:22, 13 мамыр 2022

СҚО бойынша республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 1970 шақырымды құрайды. Оның ішінде 140 шақырымға асфальт бетонды жабынды төселмеген.  Тек қиыршық тастармен шектелген. Бұл жолдар 2019 жылдың желтоқсан айында облыстық меншіктен республикаға берілген болатын. Себебі бұл учаскелерді жөндеуге жергілікті бюджет қаражаты жеткіліксіз.

«Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожолы 119 шақырымды құрайды. Оның 54 шақырымына тек қиыршық тас төселген.  Өткен жылы Кривощековадан Новопокровка елді мекеніне дейінгі 15 шақырым жолға  асфальт төселді. Ал қазіргі таңда Волошинко ауылына дейінгі 18 шақырым жол жөнделіп жатыр.

 ҚАНАТ ӨСЕРБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ ҰҚ» АҚ СҚО ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

СТЕПАН НОСОВ, «ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС ТРЕСТ СК» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Жұмыстар былтыр басталды. Республикалық маңызы бар бұл жолды шілде айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ең бастысы халықтың дән риза екенін айтқым келеді. Бұрын бұл жолдардың жағдайы нашар еді. Халық 15 шақырымдық  жолды 1 сағат жүріп өтетін. Ал қазір жағдай оңалды. Біздің 3 асфальт өндіретін зауытымыз бар. Біз өзіміз өндіреміз, өзіміз төсейміз. Ортада делдалдар жоқ.

Көшеде көлік тоқтатып, содан блиц алғанбыз...

 СҚО бойынша республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 1970 шақырымды құрайды. Оның ішінде 140 шақырымға асфальт бетонды жабынды төселмеген. Бұл жолдар 2019 жылдың желтоқсан айында облыстық меншіктен республикаға берілді. 2021 жылы Тимирязев ауданындағы республикалық маңызы бар 7 км жолда орташа жөндеу, сондай-ақ Мерген ауылынан Сергеевка қаласына дейінгі 20 км жолды қайта өңдеп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жолдардың барлығы тиісті нормаға сай, Ұлттық сапа орталығының тексерісінен сәтті өтті.

 АЗАМАТ ШУБЕКОВ , ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ЖОЛ АКТИВТЕРІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:

Ұлттық сапа орталығының СҚО бойынша қызметкерлері жыл басынан бері Р-60 Волошинка Сергеевка  Тимирьязева бағытындағы жолға 5 рет тексеру жүргізді. Нәтижесінде жолдан 6 сынама алынды. Барлығы тиісті нормаға сәйкес. жұмыс сапасы туралы ескертулер болған жоқ.

 «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ СҚО филиалы 2025 жылға дейін өңірдегі барлық республикалық маңызы бар жолдарды асфальт бетонды жабындыға көшіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар биыл ұзындығы 260 км құрайтын 10 учаскеде жөндеу жұмыстары жоспарланған.

 

Әміре Ақбатай

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
20:35, 19 мамыр 2022
АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...