ШҰҒЫЛ! 1-5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТА ОҚИДЫ Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ

17:17, 21 қаңтар 2021

\

Бүгін сағат таңғы 9-дан бастап СҚО бағытындағы барлық республикалық маңызы бар тас жолдар ашылды. Қазір олар қардан тазартылып жатыр. Мысалы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ қарамағында республикалық маңыздағы 16 автожол бар, оларды қалыпта ұстауға биыл 900 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Аталған бағыттағы шаруа тиісінше атқарылып жатыр ма, техника мен жұмысшылар жеткілікті ме? Тілшілеріміз біліп көрді.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Біз қазір Жезқазған-Петропавл тас жолының бойындамыз. Мұнда жолды қардан тазартуға 10-ға жуық техника жұмылдырылған. Шаруамен айналысып жатқан мердігер компания өкілінің айтуынша олар бүгін 70 шақырым жолды ақ ұлпадан тазартулары тиіс.

Кешегі соққан боран өңір тұрғындарын біраз әбігерге салды. Қозғалыс тоқтап, республикалық маңызы бар автожолдардағы әрекет тиылды. Олқылықты түзету мақсатында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ, «Қазақавтодор» ЖШС бүгін таң сәріден техникаларын шаруға жұмылдырған.

ИГОРЬ СУРОВЦЕВ, «ҚАЗАҚАВТОДОР» ЖШС СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Біздің меншігімізде 109 техника бар. Оның 18-ін жалға аламыз. Қазір облыс бойынша 87 агрегат жұмыс атқаруда. Қалғаны жөндеуде. 800 текше метр құм- тұз қоспасы дайындалды. Қазір жаңа химиялық реагент қолданып жатырмыз. Филиал бойынша жұмысшылар саны 242. Жұмыс тәртібімізге келетін болсақ, ауа райына байланысты әрекет етеміз.

Мердігер компания өзіне жүктелген шаруаны уақытылы әрі сапалы атқаруға тырысып бағуда. Дегенмен техника және маман жетіспеушілігі сынды проблемалар кейде істің созылуына әкеп соғатын көрінеді. Айта кеткен жөн, облыс бағытында республикалық маңызы бар тас жолдарды қалыпта ұстау жұмыстарына 2020 жылдың соңғы екі айында 300 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.  Биыл бұл сома биыл 3 есе өсті. 

БОЛАТБЕК АЙТБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- 2021 жылы республикалық маңызы бар тас жолдарды қалыпта сақтау жұмыстарына 960 млн теңге қарастырылып отыр. Атқарылған шаруаның сапасын қадағалау жұмыстары қатаңдатылып, жаңа әдіс бойынша жүзеге асырылуда. Яғни мердігер компанияларға төленетін ақы көлемі істеген жұмысының сапасына қарай белгіленеді.

Еске саламыз биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы 3 рет шектелген болатын.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРАЗЫ СЕНБІДЕ ПӘТЕРЛЕРІНЕ ОРАЛАДЫ
20:40, 25 ақпан 2021
ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРАЗЫ СЕНБІДЕ ПӘТЕРЛЕРІНЕ ОРАЛАДЫ
Толығырақ...