Білекті бірді, білімді мыңды жығады. Республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Оларды облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов құттықтап, ақшалай сыйақы табыс етті. Балаларды қорғау күнінде ұйымдастырылған кездесуге арна тілшілері де қатысып қайтты.
Залда отырған бұл балалар өз білімдерін бір емес, бірнеше мәрте дәлелдеген. Олар жуырда өткен республикалық пән олимпиадасында да жүзден жүйрік атанды. Талапты да, талантты жастарды өңір басшылығы да назарсыз қалдырмай, арнайы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов ел ертеңі осы балалардың қолында еккенідігін тілге тиек етті.
ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Және биылғы балалр жылымен де құттықтаймын. Біздің басты мақсатымыз, балаларға жағдай жасау, балалардың құқықтарын қорғау. Сіздерге қандай жағдай жасасақ, сонда ертең біздің болашағамыз сондай болады. Өйткені, балалар - біздің болашағымыз.
Жақында өткен республикалық олимпиадаға 96 солтүстікқазақстандық оқушы қатысса, соның 24-і жүлделі орындардан көрінген. 1 алтын, 4 күміс және 19 қола медаль алып ата-аналары мен ұстаздарының үмітін ақтады. Білім сайысында биология пәні бойынша 3-ші орын алғандардың бірі – Нұрай Боранбаева. Келешекте дәрігер болуды армандайтын жасөспірім, доданың оңай болмағандығын айтады. Бірақ дайындық та, осал болмаған.
НҰРАЙ БОРАНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:
- Республикалық олимпиада болғандықтан қобалжыдым. Бірінші тур мен ойлағаннан да жеңіл болды. Біракқ екінші турдағы есептер қиын болды. Біздің лицей олимпиада қатысушыларын дайындауға арнайы мұғалімдерді шақырады. сабақтардан босатады. Сондықтан уақыттың көп бөлігін дайындықпен өткіземіз.
Кездесу барысында оқушылар облыс әкімінің орынбасарына сауалдарын қойып, емен-жарқын әңгімелесті. Жиын соңында Ғани Нығыметов үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға 100, 75 және 50 мың теңгенің ақшалай сертификатын табыс етті.