ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ 3 КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

20:41, 22 ақпан 2021

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық үшінші кезеңі басталды. Білім додасына 9 бен 11-ші сыныптың 528 оқушысы ҚАТЫСАДЫ.  Офлайн форматта өтіп жатқан сайыста жеңімпаз атанған ұл-қыздар сәуір айында болатын Республикалқық кезеңге жолдама алады.

Аружан Қайсарбек Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интерантының 10-шы сынып оқушысы. Ол олимпиадада биология пәні бойынша бағын сынауда. Аружан болашақ мамандығын медицина саласымен байланыстырсам ба дейді. Сол себепті таңдауы дәл осы пәнге түскен.

АРУЖАН ҚАЙСАРБЕК, ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТ ОҚУШЫСЫ:

- Мен биология пәнінен олимпиадаға және ғылыми жобаларға 9 сыныптан бастап қатысып жатырмын. Биылғы олимпиада пандемия уақытында өтіп жатқанымен барлығы ойдағыдай өтіп жатыр.Тапсырмалардың күрделі болғанымен өзімнің жоғары білімімді көрсеттім деп ойлаймын. Мен барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Биыл олимпиада екі форматта яғни онлайн және офлайн түрінде өтіп жатыр. Айыртау және Тайынша аудандарында білім додасы офлайн, ал қалған мектептерде онлайн ұйымдастырылды. Алғашқы 2 кезеңге  4172 оқушы қатысты.

ҒАЛИЯ ТӘШІБАЕВА, ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ АҒА ӘДІСКЕРІ:

- Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 22-26 ақпан аралығында өтеді.Биыл біздің облыс бойынша 528 оқушы қатысып отыр. Әрбір күнде 2 пәннен олимпиада өтеді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты біздің облысымызда онлайн форматта өтеді.

Сонымен қатар, осы жылы алғаш рет өзін-өзі тану пәні бойынша олимпиада өтпек. Балалар тапсырмаларды компьютер мен интернетті пайдалана отырып, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында өз бетінше жүктеп ала-алады.Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталып, сәуір айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚ БІЛІМ ОРДАСЫ» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА
13:09, 5 наурыз 2021
«ҚАЗАҚ БІЛІМ ОРДАСЫ» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:31, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...