ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«САРЖАЙЛАУ» ЭТНОАУЫЛ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

20:36, 1 маусым 2022

Аққайың ауданындағы №3 Смирнов орта мектебінің жанынан «Саржайлау» этноауыл сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Жаз уақытында демалыс орны 200-ден астам баланы тегін қабылдамақ. Осылайша мектеп оқушылары демалыстарын тиімді өткізіп, ұлттық дәстүрді бойға сіңіреді. Лагердің ашылу салтанатына арна тілшілері барып қайтты. Сюжетке назар аударайық.

«Саржайлау» деп аталатын этноауыл сауықтыру лагері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылды. Демалыс орны 4 лекпен жұмыс істемек.

 РАИСА НҰРТАЗИНОВА, № 3 СМИРНОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді дәріптеу, насихаттау. Бүгінгі күні біз этноауылды ашып отырғалы себебіміз – өзіміздің балаларымызға, оқушыларымызға осы ұмыт болып қалған дәстүрлерімізді балалардың бойларына сіңіру. Біздің ғана балалар емес, басқа да мектеп балалары келіп, осында өзінің демалыс күнін өткізуге болады. »

 Этноауыл сауықтыру лагерінде киіз үй тігілген. Онда оқушылар жүн түту, алаша тоқу өнерімен танысады. Сондай-ақ, алтыбақан теуіп, бес асық ойынын ойнайды. Басқа да спорттық шараларға қатысып, ұмыт болған салт-дәстүрмен танысады. Жалпы мұнда 210 бала тегін демалмақ.

Лагерь жаз бойы жұмыс істейді. Осылайша мектеп оқушылары демалыстарын тиімді өткізіп, ұлттық дәстүрді бойға сіңірмек.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар