ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

20:42, 10 маусым 2021

Шал ақын ауданының салық түсімі былтыр 81 млн теңгеге жеткен. Бұл аудандағы кәсіпорындардың жұмысы жақсарып, халықтың табысы арта түскендігінің нәтижесі. Жалпы ішкі өнім 42 млрд теңгеге жеткен. Құрылыс, инфрақұрылым, әлеуметтік салаларда айтарлықтай өсім бар. Бүгін Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов тікелей эфир арқылы халық алдында есеп берді.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 9,5%, негізгі капиталға құйылған инвестиция – 21 процентке ұлғайып, құрылыс көлемі 3,5 есеге артқан. Ал, қолданысқа берілген баспана саны 2 есеге көп. Бұл Шал ақын ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері. Өңірлік коммуникациялар орталығында тікелей эфир арқылы есеп берген аудан басшысы Рахат Смағұлов салық көлемінің де артқанын тілге тиек етті. Ол былтыр 81 млн теңгені құраған. Демек Шал ақында кәсіпорындардың жұмысы жанданып, тұрғындардың табысы артқан.

РАХАТ СМАҒҰЛОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Аудан бойынша тұрғындардың орташа еңбекақысы 134 607 теңгеге жетті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 26 процентке көп. Егер нақтырақ айтсақ ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау саласында еңбек ететіндердің еңбекақылары өсті. Бұл жерде мемлекеттік бағдарламалардың рөлін атап өтпеске болмас. Өйткені, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында аудан бюджеті 3 есеге артты.

2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданның жалпы ішкі өнім көлемі 42 млрд теңгені құрады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 10 млрд теңгеге көп. Ауданның мақтанышы, қозғаушы күші ауыл шаруашылық саласы қарыштап дамып келеді. Мысалы соңғы 3 жылда жергілікті аграрийлер қуатты 257 шет елдік техника сатып алған. Ірі қара саны да артты. Алдағы уақытта аталған салада 3 ауқымды жоба іске аспақ. Шағын және орта бизнес те гүлденіп келеді. Бүгінде Шал ақында 863 бинес субьектісі жұмыс істейді. Сырттан құйылған инвестиция көлемі 6,8 млрд теңге. Әлеуметтік салаға да үлкен көңіл бөлініп жатыр. Тұрғындарды баспанамен қамту бойынша да бірқатар жұмыстар қолға алынған.

РАХАТ СМАҒҰЛОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- 2020 жылы аумағы 10 300 шаршы метрді құрайтын баспана қолданысқа берілді. 15 пәтерлі екі үй дайын. Соңғы екі жылда «Еңбек» бағдарламасы бойынша 83 үй тұрғызылды. Биыл тағы 56-сының кілті иелеріне тапсырылмақ. Биыл азаматтарға аумағы 11 мың шаршы метрлік баспана беріледі.

Былтыр аудан бойынша 100 шақырымнан астам жол жөнделген. Биыл да бұл жұмыстар жалғасады.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
17:20, 11 маусым 2021
2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
20:54, 9 маусым 2021
«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
Толығырақ...
СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 маусым 2021
СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...