ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК Толығырақ

ШЕШЕН-ИНГУШ ҰЛТЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕР АУДАРЫЛҒАНЫНА 77 ЖЫЛ

17:22, 23 ақпан 2021

Аштықты да, соғысты да көрген шешен-ингуш ұлтының кең-байтақ жерімізге жер аударылғанына 77 жыл. Шамамен жарты млн-ға жуық адам қыстың көзі қырауда өз елдерінен қуылып, Қазақстаннан пана тапты. Алғыс айту күніне орай «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығы облыс орталығында тұратын жалғызілікті аналар мен көп балалы, мұқтаж отбасыларға қаржылай көмек көрсетіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Солақай саясаттың құрбаны болып, кең-байтақ жерімізге жер аударылған ұлттардың бірі- шешен-ингуштар. Осыдан 77 жыл бұрын ақпан айында бір түннің ішінде  елдерінен күштеп қуылған еді. Сол кезде шешен-ингуш жұртын Қазақстан халқы бауырына басып, қолдан келгенше көмек көрсетті. Сондықтан олар қазақтың жақсылығын ешқашан ұмытпайды. Қазіргі таңда солтүстік өңірде шешен-ингуш ұлтының 2 мыңға жуық өкілі тұрып жатыр. Алғыс айту күні қарсаңында  «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығы мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

САИП БАЙДУЕВ, «ВАЙНАХ» ШЕШЕН-ИНГУШ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгін әр мұқтаж отбасыға 100-200 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсеттік.. Шешен-ингуш ұлты қазақтың жақсылығын ешқашан ұмытпайды. Өйткені олар бізге барынша қолдау көрсетті. қазақ халқына мәңгі қарыздармыз. 

Бұл күні мұндай көмекке ие болған жандардың бірі- Динара Көшеғалина. Жалғызілікті ана 4 бала тәрбиелеп, асырап отыр. Жақында «Харекет» қайырымдылық қоры аталған үйелменге баспана сыйлаған еді.  

ДИНАРА КӨШЕҒАЛИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Беріп жатқан көмектеріңізге алғысым шексіз. Алла разы болсын. Барлықтарыңызға денсаулық Алладан қайтсын. 4 балам бар. Үлкен ер балам әскерде қазір Ақтау қаласында. Одан кейін студент қызым бар еді. Ауырып қалды қазір ауруханада жатыр. Одан кейін екі оқушы бала. 

Петропавл қаласының тұрғыны Әлия Көккөзова да көрсетілген көмектен шет қалмады. Ол - 6 баланың анасы.

ӘЛИЯ КӨККӨЗОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Үлкен қызым екінші топтағы мүгедек. 6 баламды да өзім бағып-қағып өсіріп келемін. Бүгін міне шешен-ингуш қауымдастығы көмек көрсетіп жатыр. Мың алғысымды айтамын.

Бұл күні 10-ға жуық мұқтаж отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. Жалпы, «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығы қайырымдылық шарасын жиі ұйымдастырып тұрады. 

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПАРА АЛҒАНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙЕДІ
20:40, 24 ақпан 2021
ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПАРА АЛҒАНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ 2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҰМЫСЫНАН БОСАТЫЛДЫ
17:15, 19 ақпан 2021
ОБЛЫСТЫҢ 2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҰМЫСЫНАН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:42, 18 ақпан 2021
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...