ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

СҚО-да 98 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН

20:41, 3 мамыр 2022

Облыс аумағында кене шағу фактілері жиілеп кетті.  Бүгінгі таңда аймақта 98  адамды кене шаққан.  Олардың 32-сі 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Мамандардың айтуынша, кенелер сәуір айында «оянып», белсенділігі артады.

Кенелер әртүрлі аурулардың тасымалдаушысы ретінде қауіпті. Атап айтқанда, кене вирустық энцефалиті – орталық жүйке жүйесіне зақым келтіретін жедел инфекциялық ауру. Мәселен, былтыр өңірде 408 кене шағу жағдайы тіркелген. Олардың 9-ы вирустың одан әрі дамуымен байланысты. Облыста кенелер мен басқа да қансорғыш жәндіктердің санын азайту бойынша жыл сайын дезинсекциялық өңдеу жүргізіледі. Ал мамандар тұрғындарға орманға шыққанда ұзын жеңі бар ашық түсті киімдерді киіп, кремдер немесе гельдер түрінде репелленттерді пайдалануға кеңес береді. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша емханаға бару арқылы вакцинациядан өту маңызды екенін айтады

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:35, 30 маусым 2022
ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...