ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

СҚО-ДА ЖАЗҒЫ АТ ЖАРЫС МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

20:47, 23 мамыр 2022

Өткен сенбіде Бескөлдегі "Құлагер" ипподромында жазғы ат жарыс маусымы ашылды. Тартысты додаға сәйгүліктерін баптап келген Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласының 100-ден астам шабандозы қатысты.

Ат жарыс маусымы солтүстік өңірде қазақтың  ұлттық ойыны«қыз қуумен» ашылды.  Бескөлдегі ипподромға жиналған халық аз емес. Себебі жылқы баптап, бәйгеге қосатын азаматтар аз емес, ал желмен жарысқан жүйріктердің жарысын көремін деушілер одан да көп. Қатысушылар мен көрермендерді жазғы  маусымның ашылуымен облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов құттықтады.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

1600 метр. Шабандоздар үшін бұл үлкен қашықтық емес.  Кайникамал турнирдің ең жас қатысушысы. 16 жастағы қыздың ат спортымен айналысып жүргеніне небәрі 5 жыл болған. Шабандоз үшін де, оның "классик дрим" атты жүйрігі үшін де бұл алғашқы тартысты дода. Дебют сәтті өтті - алтын медаль жас спортшының қанжығасында.

КАЙНИКАМАЛ СӘДУӘҚАСОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, АҚЖАР АУДАНЫ:

- Ат спорты қажырлы еңбек пен үздіксіз дайындықты талап етеді. Жарыс барысында қарсылас шабандоздар тарапынан жоғары табан тіреске куә болдым. Дегенмен оларды қуып жетіп, араларында оза шаптым. Осындай нәтижеге қол жеткізгеніме қуаныштымын.

 Жалпы ат жарыста шабандоздар 9 түрлі қашықтыққа шапты.  Жазғы маусымның алғашқы ат жарыстарына біздің жергілікті спортшылармен қатар Ақмола облысы мен Нұр-сұлтан қаласынан шақырылған спортшылар да  қатысты.

 РАМАЗАН МАХАТОВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

 Жарыс аяқталғаннан кейін жеңімпаздар медальдармен және кубоктармен марапатталды. Өңіріміздегі ат жарыс маусымы қазан айына дейін жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...