ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

СҚО ӘРТАРАПТАНДЫРУДА КӨШ БАСТАП ТҰРҒАН, ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ АСТЫҚТЫ ӨҢІРЛЕРІНІҢ БІРІ – ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ

20:36, 6 мамыр 2022

Петропавл электртехникалық зауытының жұмысымен танысқан соң Премьер-Министр Қызылжар ауданы Петерфельд ауылындағы заманауи сүт-тауарлы фермасына барды. Бұл жерде жергілікті атқарушы орган өкілдері Әлихан Смайыловқа өңірдегі  ауыл шаруашылығының дамуы туралы есеп берді.

Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласында үздіктердің қатарында. Биыл өңір диқандары 3 млн гектарға дәнді дақыл және миллион га майлы дақыл егуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қарақұмықтың алқабын 10 мың және күнбағысты 103 мың гектарға дейін көбейту жоспарланған. Мол өнім алу үшін алқаптарға минералды тыңайтқыштар енгізу қажет. Бұл көрсеткіш бойынша біздің өңір бірінші орында тұр.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биыл әлемде минералды тыңайтқыштарға баға өсіп жатыр. Алайда біздің тарапымыздан баға мәселесін шешу үшін бірқатар шаралар қолданылды. Соның арқасында  осы жылы 170 мың тонна тыңайтқыш жерге сіңіріледі. Сондай-ақ жаңадан ауыл шаруашылық техникасын сатып алу үшін инвсетициялық субсидия түрінде аграрилерге көмек көрсетіледі. Паркіміз жылда 2 мыңнан аса техникаға жаңарып тұрады. Осы жылы 27 млрд теңгеге 2,5мыңнан аса техника сатып алуды жоспарлап отырмыз.

Солтүстік Қазақстан облысын дамыту бойынша кешенді жоспар аясында биыл  ауыл шаруашылығын субсидиялауға қыруар қаржы бағытталған.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Субсидия жүйесін сіздермен бірге ақылдасып қабылдаймыз. Бүгінгі таңда басты мақсат өнімділікті арттыру. Республикалық бюджеттен бөлінетін әр теңге өнімділіктің өсуін ынталандыруға бағытталуы тиіс. Сондай-ақ біз жергілікті атқарушы органдарға да субсидияның басқа да түрлерін бөлуге мүмкіндік береміз.

Кәсіпкерлерге де талап күшейтілмек. Әр аграрий өсімдік пен қатар мал шаруашылығын да қолға алуы қажет. Мәселен, тек соңғы 3 жылда өңірде 15 мың басқа шақталған 22 заманауи сүт-тауарлы фермасы салынды. Биыл бұл жұмыс әрі қарай жалғаспақ. Қосымша 11 кешеннің құрылысы басталады. Соның 8-і 2022-ші жылдың аяғына дейін іске қосылады.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

-  Бұл өте маңызды міндет, өйткені біз әлі күнге дейін сүт өнімдерін импорттаймыз, өзімізді-өзіміз қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Осыған байланысты бұл жұмысты ілгерілету қажет. Солтүстікте сүт өндірісі 30% - ға, қайта өңдеу 5жыл ішінде 57 % - ға өсті. Осы динамиканы сақтау, инвестициялау, өте маңызды. Ал біз Үкімет тарапынан Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру мәселесін басымдықта ұстаймыз.

Премьер-министр жергілікті фермерлермен де тілдесіп, олардың мәселелеріне қанықты. Бүгінгі күні бұл салада маман тапшы.

СЕРГЕЙ ЗВОЛЬСКИЙ, «АСТЫК-STEM» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі таңда бізді мазалайтын басты мәселе ол бірыңғай аграрлық салық. Бұл мәселені қайта қарастыру керек. Сондай-ақ кадр тапшылығы да өте өткір тұр. Есепшілер жеткіліксіз.Жақсы мамандарды аудан орталығына алып кетеді. Сол себепті құжаттарды толтырғанда қателіктер болып, салдарынан жарнасы өсіп кетеді.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Әрине, бұл үлкен мәселе. Оны зерттейміз. Егер сіз айтқандай жасасақ, онда жүктемені қайта бөлу ірі компаниялардан кішігірім компанияларға өтеді. Ал біз ұсақ фермерлерге салық жүктемесінің күрт өсуіне жол бермеуіміз керек. Жалпы, Мемлекет басшысы осы бағытта міндет қойды және үлкен жұмыс жүріп жатыр.

 Мәселе көп. Жаңа Үкімет оларға қанық, шешу жолында тиісті жұмыстар атқарып жатыр.

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...