ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

СОҒЫС АРДАГЕРІ СЕРГЕЙ ПРЕСНЯКОВ 100 ЖАСҚА ТОЛАДЫ

20:37, 9 маусым 2022

Мемлекет және қоғам қайраткері, облыстың құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері және өлкетанушы Сергей Михайлович Пресняков 15 маусымда 100 жасқа толады. Осыған орай  Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында мерейтойлық іс-шара өтті.

Сергей Пресняков 1922 жылы 15 маусымда Самара облысы Кинель - Черкасск ауданы, Вольная Шумарка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1938 жылы Омбы темір жолының Петропавл станциясында экономист-жоспарлаушы болып бастаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 жылға дейін әскери борышын өтеп, Петропавл қаласына оралған. Өлкетанушының мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға онымен бірге жұмыс істеген әріптестері және  еңбек ардагерлері қатысты.

НЭЛЛИ ИВАНОВА, СҚО-НЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

 - Сергей Михайловичты мен бұрыннан танимын. Комсомолда бірге жұмыс істедік. Төраға  болса да, бізден көмегін еш аямайтын. Ол проблемаларды әрқашан да шеше алатын. Барлық қиындықтардан қалай өту керектігін әрдайым ойластырып жүретін. Адамдардан тек жақсылықты ғана көреді. Мен оғ,н өте ризамын және өмірде онымен қауышқаныма өте қуаныштымын.

Сергей Пресняков партиялық ұйымдарда жұмыс істеген. Ал зейнетке шыққаннан кейін 5 жыл көлемінде Петропавл педагогикалық институтында туған өлке және Қазақстан тарихы пәндерінен дәріс оқыды. Сонымен қатар, мерейтой иесі 10-нан астам кітаптың авторы. 

ЕЛЕНА СКАКУНОВА, СӘБИТ МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Сергей Милайхович 50 жылдан астам уақыт бойы өз кітапханасында үлкен картотека жинады. Ол біздің облысқа қатысты барлық деректерді табуға тырысты. Жастар өлкетануды оқып, облыс тарихының жылнамаларын ұмытпауы  керек деп, әрдайым өлкетануды насихаттайтын.

Бүгінде мерейтой иесі ІІ дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және 18 медальмен марапатталған облыстың құрметті азаматы.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар