Өткен демалыста облыс аумағында сынап бағанасы 35-39 градусқа дейін төмендеді. Төтенше жағдай қызметі өңір тұрғындарын аса қажеттілік болмаса үйден шықпауды ескертіп, барлық бағыттағы жолдар жабылды.
Мамандардың айтуынша, аязды күндері жолда қалғандар болмапты. Облыс бойынша, ең суық ауа райы Есіл ауданының Явленка селосында -42 градус және М.Жұмабаев ауданының Бәйтерек ауылында минус 41 градус тіркелген. Дәл осындай аязды күндер соңғы рет 2006 жылы 24 қаңтарда болған екен. Сноптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа райы біршама жылынады. Ауа температурасы кей жерлерде - 2 градусқа дейін көтеріледі.
ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «КАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:
- Алдағы 26 қаңтар тәулікте облыс бойынша күтіледі: Түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күші 9-14, кей жерлерде 15-20м/с, ауа температурасы түнде 10-15, облыстың шығысында 20-25 күндіз 2-7 градус, облыстың шығысында 10 градус аяз болады.