ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

17:20, 17 маусым 2022

Ер есімі, ел есінде. Петропавлда сұрапыл соғыс жылдардан кейін елге оралып, сот жүйесінде еңбек еткен ардагерлердің құрметіне «Еске алу аллеясы» ашылды. Онда 17 жерлесіміздің есімі жазылған. Ол жуырда ғана белгіленген судья және сот қызметкерлерінің күні қарсаңында  ұйымдастырылып отыр. Толығырақ салтанатты жиында болып қайтқан әріптесім Мағжан Ахмадинаның материалында.

 Роза Әмрина жиынға Сергеевка қаласынан арнайы келген. Өйткені, мемориалдық тақтада оның әкесі Қалымжан Хабдулиннің есімі  жазылған. Қалымжан Сәдуақасұлы 1943 жылы елін қорғауға аттанады. Сөйтіп, арнайы курстардан өтіп, химиялық-санитарлық батальонда болады.

РОЗА ӘМРИНА, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНІҢ ҚЫЗЫ:

- Менің әкем генерал-маршал Рокосовскийдің қарамағында болған. Соғыста қатты жарақат алып, 1944 жылы елге оралады. Содан ұзақ уақыт ем қабылдап, аяққа тұрған соң Алматыға оқуға түседі. Заңгер мамандығын бітірген ол, қарапайым қызметші болып бастап, төраға лауазымына дейін көтерілді. Ал 1984 жылы зейнетке шықты. Әкеміз 16 жыл бұрын қайтыс болды. Бірақ оның әріптестері әлі күнге дейін ұмытпай, осындай құрмет көрсетіп жатқандары қуантады.

Кейін салтанатты шара басталып та кетті. Ең алдымен жиналғандарды облыстық соттың төрағасы құттықтады.

ЕРБОЛ ЖАНҒАЗИН, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

- Еске алу аллеясы, сот жүйесінің ардагерлері мен соғыс батырларын мәңгі есте сақтау мүмкіндігі. Және сол арқылы азаматтық парызымызды орындай орырып, елге адал қызмет еткен, сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен ардагерлерімізге құрметімізді көрсетеміз.

 Кейін облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек сөз алып, жиналғандарды жуырда ғана қабылданған мерекемен құттықтады. Оған сай енді елімізде маусымның 24-і судья және сот қызметкерлерінің күні тойланады. 

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Елімізде сот саласы қызметкерлеріне жүктелген жауапкершілік пен артылған міндеттің жүгі ауыр. Сот – мемлекеттегі әділдіктің, қауіпсіздіктің, азаматтар құқығы мен бостандығын мінсіз қорғаудың кепілі. Әділдік жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер.

 Кейін аллеяның таспасы салнататты түрде қиылып, 1941-45 жылдары ҰОС қатысып, кейін сот саласында қызмет істеген 17 ардагерге арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылды.  Бұдан соң барша жиланғандар назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар