ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

СОТТАЛҒАНДАР ҚҰРТ ДАЙЫНДАЙДЫ

13:04, 15 маусым 2022

Петропавлдағы ЕС-164/3 мекемесінде сотталғандар құрт жасайды. Қазақтың ұлттық тағамы бүгінде сұранысқа ие, шағын цехта күніне 15 келіге дейін өнім әзірленеді. Жалпы, мекеме аумағында қазір 7 кәсіпкер өз ісін ашып, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтып отыр.   

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

-  ЕС-164/3 мекемесінде бүгінгі таңда 3 ЖШС-і, 4 ЖК жұмыс істейді. Мәселен, мына цех осыдан 2 ай бұрын ашылған. Бұл жерде халқымыздың ұлттық тағамы құрт әзірленеді.Қазіргі таңда мұнда 5 адам жұмыс істейді. Олар күніне 12-15 келіге дейін дайын өнім шығарады.

Арман Мөңкебаев Қостанай облысының тумасы. Көлікті үш мәрте мас күйінде басқарғаны үшін 43 жастағы ерадам 3 жылға бас бостандығынан айрылған. Соның 4 айын өтеген. Енді құрт жасайтын цехта еңбек етіп жатыр.    

АРМАН МӨҢКЕБАЕВ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

- Жұмыс аса ауыр емес. Күнделікті 40 келі ірімшікті үгітіп, сүт, тұз және сары май қосамыз. Кейін қоспаны 10 грамнан дөңгелетіп, арнайы пеште 30-35 градуста кептіреміз. 1 тәуліктен кейін, оны қаптап, қалаға жөңелтеміз.

Қазіргі таңда цехта 5 адам екі ауысымда жұмыс істейді. Ұлттық тағам құрттың жасалу әдіс-тәсілін олар технолог маманнан үйренген. Жұмысшылар ай сайын орташа есеппен 60 мың теңге мөлшерінде еңбекақы алады. Бұл қаржыны олар туған-туысқандарына жіберіп, керек-жарағына жұмсай алады.

АРМАН МӨҢКЕБАЕВ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

- Мамандығым бойынша агрономмын. Бала кезімде әжеміз жиі құрт жаятын. Сол себепті, осындағы жұмысқа қуана-қуана келістім. Балалық шағымның дәмі. Құрт адам денсаулығы үшін пайдалы. Түрлі дәрумендерге бай.

Айта кету керек түзету мекемесінің аумағында ашылған мұндай цех тек СҚ-да ғана бар.

БАУЫРЖАН РҮСТЕМОВ, ЕС-164/3 МЕКЕМЕСІНІҢ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Бұл жеке кәсіпкерлік сәуір айында ашылды. Кәсіпкер келіп, бізге өзінің бизнес-жоспарын таныстырды. Біз арнайы орын бөлдік. Тамақ өндірісі болғандықтан санитарлық талаптар қатаң түрде сақталады. Сотталғандар маскі және қолғаппен жұмыс істейді.

Ал, Александр Ананьев болса наубайханада еңбектенеді. Бұл жерде 7 адам екі ауысымда жұмыс істейді. Олар күніне ас атасы нанның 1200 бөлкесін пісіреді.

АЛЕКСАНДР АНАНЬЕВ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

- Бұл жерде пісірілетін нан әйелдер колониясында және осы жердгі асханаға жөңелтіледі. Бір тәулікте 1200 бөлке пісіреміз. Ұн, сүт, жұмытрқаны жергілікті өндірушілерден сатып аламыз. Жұмыс күні таңғы 9 дан кешкі 6-ға дейін. Еңбекақымызды уақытылы төлейді.

Жалпы, бүгінгі күні ерлер колониясында 800-ге жуық ер адам жаазсын өтеп жатыр. Соның 150-ге жуығы тұрақты жұмыспен қамтылған.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар