ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

СОТТАЛҒАНДАР ЖАҚЫНДАРЫМЕН ҚАУЫШТЫ

17:20, 14 маусым 2022

Петропавлдағы ЕС-164/3 мекемесінде 800-ге жуық ер адам жазасын өтеп жатыр. Соның 20-дан астамы бүгін көптен бері көрмеген туған-туысқандарымен және балаларымен қауышты. Мекемеде «Ашық есік» күні өтті.

ЕС-164/3 мекемесінде қазіргі таңда 800-ге жуық  адам жазасын өтеп жатыр. Олар Қостанай, Ақмола, СҚО тұрғындары. Сотталғандар есірткі тасымалдау, адам өлтіру немесе ұрлық секілді басқа да заңбұзушылықтар үшін жарты жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. 20-дан енді асқандары да, жасы 70-ге жақындағаны да бар. Бүгін 20-дан астам өзінің көптен көрмеген бауыр еті балаларымен және жұбайларымен кездесті.   

РҮСТЕМ РАХМЕТОВ, СҚО ҚАЖД ЕС-164/3 МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Осы ашық есік күнін өткізу мақсаты биыл ҚР Президентімен балалар жылы деп есептеледі. Сондықтан осы іс-шараны осы күнге орай өткізіп жатырмыз. Жылдың аяғына дейін тағы осындай іс-шара өткізуге мақсатымыз бар.  Жалпы бүгінгі іс-шара 3 сағатқа ұйымдастырылған. Ойын өткізіп, балаларымен кездесіп сол мақсатта өткізіліп отыр.

Алексей Мельников 257-ші бап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Қостанай облысының тумасы 3 баланың әкесі. Ер адам бұған дейін 9 жастағы қызы және 6 жастағы кіші ұлымен бірнеше рет кездессе, үлкен ұлы Артёммен көріспегеніне 1 жылдың жүзі болыпты.

АЛЕКСЕЙ МЕЛЬНИКОВ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

- Пандемияға байланысты мекеме басшылығы келушілердің санына шектеу қойды. Оның үстіне үлкен ұлымның сабағы бар. Сол себепті 1 жылдан бері көріскен жоқпыз. Бүгін қуанып отырмын. 4 көзіміз түгел болып басымыз қосылды.  Осындай іс-шаралар жиі өткізілсе екен деймін.

АРТЁМ МЕЛЬНИКОВ:

- Әкемді көріп қуанып отырмын. Сағынышымды бастым. Жиі кездеспесекте телефонмен сөйлесіп, сырласамыз. Әкем үнемі есімде.

Жазасын өтеушілер 100% еңбекпен қамтылған. Олар тігін, аяқ киім, ағаш бұйымдар, тас төсеуіш жасайтын цехтарда жұмыс істейді. Жалпы, бүгінгі күні облыс аумағында орналасқан түзету мекемелерінде 1мыңнан аса адам жазасын өтеп жатыр.  Соның 800-і ерлер колониясында. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мұнда 100-ге жуық адам амнистияға ілегіп мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар