ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

17:18, 24 қыркүйек 2021

Биыл «Қызылжар су» ЖШС инвестициялық бағдарлама бойынша жоспарЫ 372 млн теңгені құрады. Бүгінгі таңда оның 362,7 млн теңгесі игеріліп, жұмыстың 97 %-ы орындалған. Су құбыры желілеріне 128,2 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. Бүгін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік  қазақстан облысы бойынша департаменті «Қызылжар су» ЖШС -мен бірге су құбыры желілері, кәріз тазалау құрылымдары нысандарына баспасөз-турын ұйымдастырды.

Петропавлда кәріз желілерінің жалпы тозуы 59 %, су құбыры желілерінің тозуы 62% құрайды. Сол себепті кәсіпорын ескі құбырларды жаңаға ауыстыру  жұмыстарына қызу кіріскен. Биыл жалпы ұзындығы 2,5 шақырымға созылған кәріз желілерін күрделі жөндеуден өткізуге 99 млн теңге жұмсалған. Айталық қазір мамандар Чайковский көшесіндегі кәріз коллекторын қайта құруды жүзеге асырып жатыр. Бұл коллектор 1995 жылы салынған, 26 жылда тозығы жеткен.  

АРМАН САУЫТОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

- «Құбыр апатты жағдайда тұр, кез келген уақытта істен шығуы мүмкін. Біз бүл учаскеге алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Сондықтан дереу қайта жаңарту керек.»

Кеншібаев көшесіндегі су құбыры да жаңасына ауыстырылып жатыр. Бұл су құбыры 40 жылдан астам уақыт пайдаланылған. Апатты жағдайда. Сондықтан болат құбыры қазіргі полэтилен құбырына ауыстырылуда. Бұл құбырлардың төзімділігі 50  жылға жетеді. Мамандар құбырды жердің астына көлденең бұрғылау әдісімен орнатады. Бұл әдіс жердің үстіңгі қабатын бұзбайды.

ВАДИМ ГОЛОДНИКОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС АҒА ШЕБЕРІ :

- «Қазіргі уақытта біз бұл жерде ұзындығы 270 метрге созылған су құбырын өткіздік. Жалпы ұзындығы 950 метр. Бүгін тағы 150 метрге өткізуге дайындалып жатырмыз. Қазір көлденең бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Құбырлар ескірген. 1970 жылдардан бері қолданыста.40 жылдан бері ауыстырылмаған. Апаттық жағдай тудырмас үшін шұғыл ауыстыру қажет.»

Сондай-ақ «Қызылжар су» ЖШС биыл жылы хлорелла балдырының көмегімен ағынды суларды тазарта бастады. Биыл тазарту жұмыстарына 23 млн теңге қаржы жұмсалған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...