ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

СУ СОРУ ЖҰМЫСТАРЫНА 15 ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН

20:40, 6 сәуір 2021

Көктем келіп, күн жылысымен еріген қар суы Петропавлдың кей тұрғындарын әуреге салады. Әсіресе жеке секторларда адамдардың ғана емес, көліктің де жүріп-тұруы қиындай түседі. Жағдай асқынып, қызыл су үйге кірмеуі үшін қала билігі су сору жұмыстарына 15 техника жұмылдырған. Олар тәулік бойы жұмыс істейді.

Валентина Филиппова жұмысшы кентінің тұрғыны. бұл үйге Екі жыл бұрын көшіп келген. Жыл сайын көктем мезгілінде еріген қар суымен күресумен болады. Биыл су үйіне дейін кіруге жақындағандықтан, «109» нөміріне хабарласып, көмек сұрады.

ВАЛЕНТИНА ФИЛИППОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Қар жаппай еріп, жыралар суға толып, ауламды толықтай су басты. Мамандарға үнемі жүгінеміз. Уақытылы келіп, барлық жұмысты атқарып кетеді. Алғысымды білдіремін.

Шаһарда еріген қар суы үлкен көлшіктерге айналып, тұрғындардың жүріп тұруы қиындай түсті.  «Ай көмек» қызметіне күніне орта есеппен 130-ға жуық қоңырау түседі. Су соруға 15 техинка  жұмылдырылған. Олар тәулік бойы жұмыс істейді.

ДЕНИС МАРШАЛОВ, «ТАЗАРТҚЫШ, СУ ТАРАТҚЫШ ЖӘНЕ СУ ӨТКІЗГІШ ҒИМАРАТТАР» МКК БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- 15 техниканың бесеуі Жұмысшы кентінде, Береке, Зайсан сынды ықшам аудандарда жұмыс істейді.   мүмкіндігі шектеулі жандардың, көпбалалы отбасылардың өтініштерін бірінші кезекте орындаймыз. Кейде тұрғындар тазартылған суағарларға азық-түлік қалдықтарын тастап, олар қайта бітеліп жатады. Осылайша біздің жұмысымызды екі етеді. Сәйкесінше, кезек саны артады.  

Мамандардың айтуынша, Петропавлда көктемде су басу қаупі бар 240 тұрғын үй бар.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
20:37, 19 сәуір 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...