ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

СУ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТТІ

20:46, 2 маусым 2020

Облыста биыл 58 жерде суға шомылуға рұқсат етілген. Арнайы жарақтандырылған орынның екеуі Петропавл қаласындағы Есіл өзені мен Алакөлде орналасқан. Оның суы қаншалықты талапқа сай, мамандар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін оның құрамын арнайы тексерістен өткізді. Арна тілшісі тарқатсын.

Облыс орталығында қәзір  тек Алакөл жағажайы тұрғындар үшін жұмыс істеп тұр. Есіл өзеніндегі қалалық жағажай көктемгі су тасқынынан кейін әзірге дайын емес. Петропавл қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары шомылу маусымы басталмас бұрын жағажайларды арнайы тексерістен өткізді.  Мамандар санитарлық-химиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, радиологиялық зерттеулерге судың және топырақтың 5 сынамасын алған. Нәтижесі көңіл көншітерлік. Яғни, тұрғындарға еш алаңсыз шомылуға болады.

МАРИНА ДАУЛЕТБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Ұлттық сараптама орталығының зетханаларында фотометриялық әдіспен және титрлеу арқылы суды қатаңдыққа, хлоридтерге, нитраттарға, сынап, мұнай өнімдеріне және тазалығына тексерістен өткіздік. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша патогенді микрофлораға, колифагтарға мембраналық әдіспен, сүзу қондырғысының көмегімен зерттелді. Барлық нәтижелері бойынша судың құрамы талаптарға сай. Санитарлы талаптарды сақтай отырып, тұрғындарға жағажайға келе берулеріне рұқсат.

ТЖД мамандары да екі аптадан бері шомылу орындарының түбін тазартумен айналысуда. Яғни, тұрғындар қауіпсіздігі үшін көлдерден шыны,темір-терсек сынды зиянды қоқыстар шығарылып жатыр.

АЛТАЙ ТЕЗЕКБАЕВ, СҚО ТЖД  БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Су астын тазарту жұмыстары қазір екінші жұма жүріп жатыр. Бұл екінші группа. Бірінші группа данный уақытта Таранқұлдың су астын тексеріп жатыр. Айыртау, Ғ.Мүсірепов аудандарын тексерді. Есіл ауданын тексеріп келе жатыр. Су маусымы жабылғанша жалоб бойынша тексереміз. Егер біреу-мінеу аяғын кесіп алса, сол жерді барып тесеріп, тазалаймыз.

Биыл қаладағы демалыс орындарын аббаттандыру үшін қалалық әкімдік бюджетінен 15млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа  Алакөл жағажайына 100 текше метр құм төселді. Сондай-ақ, демалушыларға ыңғайлы болуы үшін 30-ға жуық шатыр орнатылып, 12 орындық қайта қалпына келтірілді, гүлдер егілді.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Әкімдік тарапынан жағажайлардағы  рұқсат етілмеген жерлерге арнайы 38 белгі дайындалып, қойылды. Аббаттандыру жұмыстарына «Рич Норд Номад» жшс жауапты. Биыл бөлінген қаражат есебінен 2 киініп-шешінуге арналған орын, 5 қоқыс жәшігі қойылды. Және арнайы аяқ жууға арналған орын да жөнделетін болады.

Жалпы жазғы шомылу маусымы кезінде  мамандар суда сақ болуға шақырады. Және індеттің таралуына жол бермес үшін санитарлық нормалар мен тазалықты сақтау міндет.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
17:26, 10 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
17:16, 10 шілде 2020
БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...