ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

«SUPER КЕЛІН» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

13:07, 5 наурыз 2021

СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің ЕС-164/6 мекемесінде сотталғандар арасында «Super келін» байқауы өтті. 8 наурыз – әйелдер  мерекесіне және ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған сұлулық пен ептілік сайысына 3 әйел қатысып, бақтарын сынады. Ерекше конкурс жайлы келесі бейнематериалда.

«Super келін» байқауына қатысушылардың бірі Елена Жұмабаева. Ресейден тарихи отанына оралған қандасымыз, осыдан үш жыл бұрын жаза басып, сотталған. 8 жылға бас бостандығынан айырылған нәзік жанды мәрзімінен ерте еркіндікке шығуды армандайды. Сондықтан мекеме ішіндегі түрлі шараларға белсене араласып, тәртіппен жүріп-тұруға тырысып бағуда.

ЕЛЕНА ЖҰМАБАЕВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

Мен мына үстімдегі көйлекті өзім тіктім. Біраз уақытым кетті. Нәтижесін өздеріңіз көріп тұрсыздар. Сондай-ақ бүгін мен раушан гүлінің картинасын жасадым, ұлттық тағамдар пісірдім. Қамыр жайдым. Мен өзім Ресейде туып өскен соң салт-дәстүрімізді дұрыс білмеймін. Сондықтан жоғарыда аталғандардың бәрі мен үшін өте қызық.

Байқауға 3 келіншек қатысып,  қазақтың салт-дәтүрлеріне сай түрлі тағам жасау, қамыр жаю және басқа да бойларындағы дарындарын жиналған жұртқа паш етті.

Түзету орнында бұған дейін «Мекеме аруы» байқау өткізіліп келген. Ал, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сайыстың форматы өзгертіліпті. Мақсат жазасын өтеушілердің еркін өмірге деген құштарлығын арттыру, бойларындағы адами қасиеттерді нығайту.

ТАНА ҚАЗЖАНОВА, ЕС-164/6 МЕКЕМЕСІ БӨЛІМІНІҢ ЖАСАҚ БАСТЫҒЫ:

Алдымен іріктеу кезеңі болды. Сол іріктеу кезеңінде жайма жасау керек болды. Өкінішке қарай жайма жасау барлық қатысушылардың қолдарынан келе бермейтіні көрінді. Біз бұл байқауды осыдан бір ай бұрын бастадық. Сол себепті шай құю, қонақ куту сынды қабілеттеріне мән беріледі.

Байқау жеңімпазы бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша келер жылы да осындай форматта сайыс ұйымдастырылып, оған қатысушылардың санын көбейту жоспарда бар.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 400 ҰЙЫМ ҚАТЫСТЫ
13:01, 19 сәуір 2021
АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 400 ҰЙЫМ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...
ҚҰТЫРМА  АУРУЫ  ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
20:44, 16 сәуір 2021
ҚҰТЫРМА АУРУЫ ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...