Өңірдегі білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында, соңғы 4 жыл көлемінде «Саналы ұрпақ» клубы жұмыс істеп келеді. Аталмыш клуб облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен ашылған. Бүгін ұйым жетекшілері М.Жұмабаев атындағы жоғары гуманитарлық -педагогикалық колледжінің студенттерімен кездесті.
М. Жұмабаев атындағы жоғары гуманитарлық-педагогикалық колледжінде 1500ден астам студент білім алады. Олардың 200і «Саналы ұрпақ» клубының белсенді мүшелері.Колледжде парақорлыққа жол бермеу мақсатында ай сайын сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады екен.
- Біздің колледжде «Саналы ұрпақ» клубы бар. Сол клубтың белсендісі болып табыламын. Осы клуб жетекшілерімен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара жүргізуге белсенді ат салысамын. Жастарға үлгі тұтарлықтай мысалдар көрсетіп, осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы болуға шақырамыз.
- Колледжімізде парақорлықтың алдын-алу үшін біз ай сайын түрлі конференциялар мен жиындар өткіземіз. Мұндай шаралар студенттерді тәрбиелейді, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастырады.
Соңғы 4 жылда «Саналы ұрпақ» клубы өңірдегі барлық ЖОО мен орта білім беру мекемелерінде ашылды. Басты мақсат, білім алушылар мен мұғалімдер арасындағы парақорлықтың алдын-алу. Клуб жұмысы негізгі екі бағытты қамтыйды. Біріншісі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болса, екіншісі өскелең ұрпақпен тығыз қарым-қатынас жасау. Себебі, жастар елдің болашағы дейді департаменті қызметкерлері.
НҰРЛАН ЖАХИН, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ :
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басым бағыттарының бірі ол қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Бүл бағытта агенттіктің бастамасымен үгіт-ағартушылық насихат штабы жұмыс істейді. Біздің облыстық департамент жанында да мұндай ұйым құрастырылған. Бүгін М.Жұмабаев атындағы пед. Колледждің шақыруымен келдік. Себебі әрбір студент болашақ мемлекеттік қызметкер. Сондықтан осы бағыттағы білім мен ілімі, тәрбиелік жағынан назар аударуды көздеп отырмыз.
Студенттермен кездесуге облыстық мәслихат депутаттары мен өңір белсенділері қатысты. Жиын барысында колледжде сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған нақты жұмыстар туралы сөз қозғалды.
Жансая Қайыпова