ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

«ТАЗА САЯБАҚ» АКЦИЯСЫ

13:04, 17 мамыр 2021

Өткен демалыс күндері «Таза саябақ» сенбілігі өтіп, «Жасыл ел» еңбек жасағы мен гуманитарлық-техникалық колледж студенттері қатысты. Олар  Настя Прокофичеваның ескертіші маңын тазартып,  облыс орталығының тағы бір демалыс бұрышын абаттандырды.

Игі іске үлес қосушылардың бірі қурап қалған жапырақ пен қоқысты жинаса, енді бірі жолды  қиыршық тастан жинап, қалпына келтіріп жатыр.

АНТОН ШИШКАНОВ,  «JE SKO ШТАБЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

«Бұл экологиялық науқанды ұйымдастырудағы мақсатымыз – жаһандық жылыну, қоршаған ортаның ластануы, қоқыстардың табиғатқа тигізетін зияны сынды экологиялық мәселелерге жұртшылықтың назарын аудару.»

Ажара Сыздықова 16 жаста.  «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарына биыл бірінші рет қосылды.  Туған қаламның көркеюіне өз үлесімді қосу үшін, сенбілікке ат салысуға шешім қабылдадым дейді.

АЖАРА СЫЗДЫКОВА,  «JE SKO ШТАБЫ» мүшесі:

«Бұл жылы мен осындай науқанға бірінші рет қатысып отырмын. Бұл өте қызықты, ісімдлі әрі қарай жалғастырамын деп ойлаймын. Өткен жылы жасым кішкентай болғандықтан, алмаған да. Және де осындай еріктілер ісіне қатысқаныма қуаныштымын себебі ол біздің қоршаған ортамыз. Және ластанып жатса аула, орны жинайтын адамдар да болуы керек деп есептьеймін.»

 Ағаш отырғызу, аулаларды санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жақын арада дәстүр бойынша «Жасыл ел» жасағының еріктілері мен сарбаздары  «Таза жағалау»  акциясы аясында  өзен-көлдердің жағалауларын ретке келтіретін болады. Жасыл елдің құрамына кіргісі келетіндердің көптігіне байланысты, биыл волонтерлер мен «Жасыл ел» еңбек жасақтары абаттандыру жұмыстарын ертерек бастаған. Бүгінде «Жасыл ел» жасағы М. Жұмабаев ауданында да жұмыс істеп жатыр. Жыл басынан бері барлығы 33 адам жұмысқа қабылданды.

Индира АХАТҚЫЗЫ 

 

Тақырып бойынша материалдар

2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
17:20, 11 маусым 2021
2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...