Облыстық кәсіподақ орталығында еңбек заңнамасы бойынша сұрақтарға тегін жауап беріп, дауларды сотқа жеткізбей шешетін кеңсе жұмыс істейді. Мәселен былтыр мамандар 625 адамға кеңес берді. Ал осы жылдың өзінде орталыққа 20-ға жуық өтініш келіп түскен.
Кәсіподақтардың негізгі міндеттерінің бірі -тегін құқықтық көмек көрсету, жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау. Облыстық кәсіподақ орталығындағы арнайы кеңседе кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсетіледі. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылыар жасалған мәселелер қаралады. Нәтижесінде өтініштер еңбек инспекциясына жіберіледі.
ЛЮДМИЛА ГОЛЕНКОВА, ЗАҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАС МАМАН:
- Өткен жылдың қорытындысы бойынша 625 кеңес берілді, оның ішінде 55 жағдайда іс тек кеңес берумен шектелмеді. Нақты құқықтық көмек көрсетілді. Мәселе комитеттер арқылы жеткізіліп, оң шешім алынды.
Кеңесті білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс - барлық салалардың мамандары береді. Өтініштердің басым бөлігі еңбек шартын жасасуға және өзгертуге, еңбекақы төлеуге қатысты.
ЛЮДМИЛА ГОЛЕНКОВА, ЗАҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАС МАМАН:
- Биыл 20-ға жуық өтініш келіп түсті, негізі жұмыстың тоқтап қалуына байланысты бос тұруға қатысты. Білім беру саласы бойынша, соның ішінде сағат санына қатысты сұрақтар болды.
Орталық өкілдерінің айтуынша, еңбек дауларына себепші факторлардың бірі - азаматтардың еңбек заңнамасын білмеуі және тиісті қолданбауы.