Биыл атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің жергілікті департаменті 618 абонентке техникалық шарттарды табыстаған.
Солардың 427-сі жаңа салынған нысан иелеріне беріліпті. Және дені жеке тұлғаларға, яғни үй-жайларды электр энергиясымен қамтуға қатысты болған. Жалпы өңір тұрғындарын 3 окмпания жарықпен қамтамасыз етеді. Олардың бірі облысымыздың 5 ауданындағы абонентерге қызмет көрсететін «Көкшетау энерго». Ол Ақмола облысының департаментіне қараса, қалған екі кәсіпорынның жұмысы ведомства өкілдерінің бақылауында. Биыл энергетиктер тарапынан олқылықтар тіркелмеген. Осы жылдан бастап техникалық шарттарды беру процедурасына өзгерістер енгізілді.
НИКОЛАЙ БОРЗИЛОВ, ҚР ЭМ АТОМДЫҚ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ СҚО БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Техникалық шарттарды алу үшін берілетін құжаттар тізімі мен қызмет көрсету мерзімі қысқартылды. Тұтынушылар енді бірнеше кабинетті араламай, бір жерде отырып-ақ қағаздарын тапсыра алады. Электрмен қамтитын компаняины ауыстыру енді бұрынғыдай машақатты болмайды. Тағы біздер қағазбастылықтан арылудамыз.