ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТЕРЕК МАМЫҒЫНАН КЕЛЕР ҚАУІП ЖОҒАРЫ

20:34, 7 маусым 2022

Теректің ұшқан мамығы  өрттің көбеюіне себеп болуы мүмкін. Маусым айы басталғалы бері Петропавлда  тез тұтанғыш терек мамығына қатысты 1 өрт тіркелген. Күйшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ал оттың тұтануына себепкер болғандарға әкімшілік жаза қарастырылған.

Мамандар қала тұрғындарымен өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізгенімен  әзірге нәтиже шамалы. Терек мамығына от тастайтындардың дені балалар. Бірақ, темекі тұқылын қалай болса солай  лақтыратын ересектер де өрттің шығуына себепкер болып жатады екен. Осыдан бірер күн бұрын Букетов көшесінде жанған терек  мамығы дер кезінде сөндірілді.

ЖАНАТ ҚАПАРОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТЖБ АҒА АНЫҚТАУШЫСЫ:

- Облыста қазір өрттің шығу қаупі жоғары кезең. Осы аптада термометр 28 градусқа дейін көтеріледі. Тұрғындарды кәуап пісіргенде, қоқысты күйдіргенде абай болуларын сұраймыз. Терек мамығынан от шықпау үшін үстінен су құйып, сыпырып тастаған қауіпсіз болады. Маусым айы басталғалы бері  қалада терек мамығы жанған 1 жағдай тіркелді. Қазір оны жаққандар іздестіріліп жатыр, анықталғаннан кейін,  материалдар сотқа жіберіледі. 

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар