ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ

17:07, 9 қыркүйек 2021

Еліміз егемендікке қол жеткізген 1991 жылы дүниеге келген сәбилер бүгінде 30 жасқа келді. Орда бұзар жалындаған жасқа жеткен бұл жастар қазіргі таңда сан алуан мамандықты игеріп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Солардың қатарында облыс орталығының тұрғыны Асқар Сүйменбаев та бар. Тәуелсіздіктің құрдасымен әріптесім Майгүл Сейілбек сұхбаттасып қайтты.

Асқар Сүйменбаев бала кезінен өрт сөндіруші болуды армандаған. Атасы осы мамандық иесі болғандықтан сол кісінің әңгімелерін естіп өсіп, мен де адам өміріне араша түссем екен деген ой пайда болды дейді ол. Осылайша мектепті бітірісімен Борки ауылындағы кәсіптік-педагогикалық колледжіне оқуға келеді. Оны сәтті тәмамдаған соң Көкшетау қаласындағы Техникалық институтқа түсіп 2016 жылы оны лейтенант шенімен аяқтайды.

АСҚАР СҮЙМЕНБАЕВ, ТӘУЕЛСІЗДІК  ҚҰРДАСЫ:

Осы салаға келіп, адамдарды өрттен құтқарып, оларға көмек көсретіп, сондай мамандыққа өзім арманым болған бала кезімнен құтқару, адамдарды оттан алып шығу. +СКЛ 5,15 Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Неге десеңіз бізге қоңырау түскенде біз әрдайым тезірек жетіп, өртке барлау жасап, адам бар ма деген ақпарат жинап көмек көрсетеміз.

Асқар еңбек жолын Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласындағы өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы болып бастаған. Ол жерде 2018ші жылға дейін жұмыс істеп кейін Петропавл қаласындағы 2-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне аға-инженер болып ауысқан. Қазір ТЖД-нің кадр саясаты бөлімінің бас маманы. Жақында өрттен  әжейді құтқарғаны үшін ол ҚР ТЖМ-нің алғыс хатымен марапатталды.

ДАНИЯР ӘЛІМКИН, № 2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Қызметкер ретінде өте жақсы адам, өте жауапты. Өз жұмысын жақсы істейді. Қоштасқымыз келмейді. Енді сәт-сапар. Қазақстанның көркейюіне үлес қоса берсін.

Құтқарушы – екінің бірінің қолынан келе бермейтін мамандықтардың бірі. Ол үшін адамның бойында қайсарлық, батылдық секілді қасиеттер болуы тиіс дейді ол.

АСҚАР СҮЙМЕНБАЕВ, ТӘУЕЛСІЗДІК  ҚҰРДАСЫ:

Менің ойымша айтады ғой құтқарушы мейірбан жан болуы керек деген. Менде адамды құтқаруға кез-келген уақытта дайынмын. Адам байсалды болуы керек, міңезі жақсы болуы керек. Өз ойы болуы керек. Стресске дайын, шешім қабылдай алуы керек.

Кейіпкеріміз спортқа да жақын. Өрт сөндіру-құтқару спортынан өтетін облыстық жарыстардың бас жүлде иегері. Бұдан бөлек маман асыл жар, ардақты әке. Еразамат өзінің тәуелсіздіктің құрдасы болғанын да мақтан тұтады. Сол себепті, Қазақстанның әрі қарай дамуына тынбай еңбек етіп, жас буын өкілдеріне үлгі болуға тырысамын - дейді ол.  

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
17:18, 24 қыркүйек 2021
СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
20:46, 23 қыркүйек 2021
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...