ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ

13:05, 25 қазан 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылында өркениетті мемлекеттермен терезесі теңескен Қазақстанның иек артары – өскелең ұрпақ. Бүгінде тәуелсіздіктің таңымен бірге дүниеге келген сәби ел тұтқасын ұстар, орда бұзар жасқа жетті. Солардың қатарында өңіріміздің басты эковолонтері Азат Жұмағұл да  бар. Тәуелсіздіктің құрдасымен әріптесім Майгүл Сейілбек сұхбаттасып қайтты.

Облыс орталығының тумасы Азат Жұмағұл жерлестерімізге өзінің экосенбіліктерімен жақсы таныс. Тәуелсіздік құрдасы мектеп бітірісімен гуманитарлық-техникалық колледжіне техник-технолог мамандығына оқуға түседі. Оны аяқтағасын 2012 мен 2019 жылдары аралығында Петропавл ауыр машина жасау зауытында жұмыс істейді. Кейін «Радуга» ЖШС-не ауысады. Мұнда ол қалдықтарды жинау, әкету, бөлек жинауды насихаттау бағытында жұмыс істейді. Ер азамат қоршаған ортаны ластамай, табиғатқа зиян келтірмеуге шақырады. Қарапайым отбасында дүниеге келген Азатты тазалыққа бала кезінен анасы үйреткен. 30-ға толған жігіт экологиясы таза Қазақстан құрғысы келеді. Осы мақсатының жолында еңбектеніп те жүр.

АЗАТ ЖҰМАҒҰЛ, ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ҚҰРДАСЫ:

  •  Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсін демекші анам үйде бәрімізді тазалыққа, ұқыпты болуға үйрететін. Яғни, ойыншықтарымыз немесе киімдеріміз үйде шашылып жатпайтын. Балалық кезден әдет болып қалды десек дұрыс шығар. Эковолонтер боламын деген ой болмаған басында. Жай көшеде өтіп бара жатқанда қоқысты көріп «Не себепті адамдар осы қағазды немесе бөтелкені жай жерге тастап кетеді, қоқыс жәшігіне салса болады ғой» деген ой туындайтын.

Азаттың сөзінше кез-келген адам табиғатты ластамау үшін өзінің ішкі жан дүниесін, ойы мен бойын тазартудан бастауы тиіс. Және ең бастысы жалқаулыққа бой алдырмау қажет. Себебі, кей-кездері тұрғындар қоқысты жинап, қапшыққа салып қоқыс жәшігіне тастауға ерінеді. Мәселен, Тәуелсіздіктің құрдасы алғаш рет сенбілікке 2018-ші жылы өзі жалғыз шыққан. Ол үйінің жанындағы аялдаманы қоқыстан тазартып, жуып-жинаған екен.

АЗАТ ЖҰМАҒҰЛ, ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ҚҰРДАСЫ:

  •  Келесі күні жұмыстан үйге дейінгі жолда жатқан қоқысты жиналым. Әрине, басында адамдардың маған «бұл не істеп жүр? Қайыр сұрап жүрген адамба? Мүмкін ауру шығар» деген ойлармен қарағанын сездім. Бірақ, соған қарамастан алдыма қойған мақсатымнан таймауға серт бердім өзіме. Осылайша эковолентер болдым. Көшелерден саябаққа, саябақтардан жағажайларға шыға бастадым. Кейін бұл ісімді басқа жастар көріп мені қолдай бастады.

Азаттың 1 ай бойы тер төгіп тапқан ақшасын қоқыс салатын қапшықтарға, қолғап, күрек пен шелекке жұмсаған күндері болыпты. Ондай кездерде зайыбы Динара түсіністік танытып, оны барынша қолдауға тырысқан.

ДИНАРА ЖҰМАҒҰЛ, АЗАТТЫҢ ЖҰБАЙЫ:

  • Ең алдымен ол бұны қала тұрғындары үшін істейді. Менің ойымша Азаттың бойындағы бұл ең керемет қасиет. Өзгелердің не айтып не ойлап қойғандарына мән бермей өз мақсатына қол жеткізу мен үшін үлкен ерлік. Сол себепті мен оның шешімдерін сыйлаймын және қолымнан келгенше қолдаймын.

Эковолентер табиғатты ластамауға туған-туысқандарын, достарын да үйретіп қойды. Қазіргі таңда, ол «Радуга» ЖШС-де жұмыс істейді. Оның басты мақсаты облыс орталығының тұрғындарын қоқысты дұрыс жинап, бөлуге үйретіп, көптеген экологиялық мәслелердің шешілуіне үлес қосу.

Майгүл Сейілбек

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ КЕРЕК
17:22, 3 желтоқсан 2021
ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТА...
Толығырақ...
 «ALEM PAY» БАСШЫЛЫҒЫ ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ
20:46, 2 желтоқсан 2021
«ALEM PAY» БАСШЫЛЫҒЫ ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАП Б...
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
20:44, 2 желтоқсан 2021
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...