ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ 1 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ТАПСЫРЫСЫН АЛДЫ

17:15, 6 мамыр 2022

Өңірге ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов келді. Ең алдымен Үкімет басшысы «Петропавл электртехникалық зауыты» ЖШС жұмысымен танысты. Бүгіндері кәсіпорын 1 млрд теңгенің тапсырысЫН алған. Осылайша 4 мың дана трансформатор шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріс ошағы үкімет басшысының көңілінен шықты. Әлихан Смайылов осы қарқыннан таймау қажеттігін қадап айтты. Сюжетті көрелік.

Зауытта жұмыстың қызған шағы. Тапсырыстар жеткілікті, сондықтан еңбеккерлер бел жазбастан іске кіріскен. Трансформаторды жинап жатқандардың бірі – Өміржан Джусиев. Ол мұнда 2 жыл бұрын Орал қаласынан көшіп келген екен. Еңбекқор жас, мұнда бар жағдайлар жасалған дейді.

 ӨМІРЖАН ДЖУСИЕВ, «ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ:

- Біз деген зауытта кернеуі 6 және 10 КВаттық трансформаторларды жасаймыз. 95 пайызы экспортқа сатылады. Орта жалақы 200 мыңнан асады. 250-ге дейін барады.  Осы зауыттың арқасында 3 бөлмелі пәтер алдық. Бұл пәтердің ақшасы біздің жалақымыздан ұсталынып қалады. Бірақ еш пайызсыз. Яғни, үстінен пайыз алмайды.

 Десе де, кадр тапшылығы әлі бар. Қазір мұнда 80 адам еңбек етеді. «Ауруын жасырған өледі» демекші, зауыттағылар мәселені еш бүкпестен жеткізді. Өйткені, осы проблема кәсіпорынның толық қуатта жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отыр. Әйтпеген жағдайда, серіктестік жылына 13 мың дана трансформатор шығаруға қауқарлы.

НҰРЖАН АБДОЛЛАЕВ, «ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС ӨНДІРІС БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ: 

- Биыл біз 4 мың дана трансформатор шығармақпыз. Әрине оны шығара аламыз. Бірақ бізге мамандар қажет. Өндірісте ең бағалысы кадр, маманға байланысты. Әрине, осының шешу жолдарын қарастырып жатырмыз. Жұмысшыларға жағдай жасау қажет. Маман тапшылығы болғандықтан біз өндіріс көлемін 13 мың дана емес, биыл 4 мың, сөйтіп 3 жыл ішінде 13 мың данаға жеткіземіз деген жоспарымыз бар.

Жалпы «Alageum Electric» компаниясына қарасты осындай зауыттардың саны ел бойынша жетеу. Олардың қатарына 2 жыл бұрын қосылған теріскейлік  кәсіпорынның да бүгінгі «аяқ алысы» жаман емес. Жыл басталғалы мұндағылар 300 трансформатор жасап шығарған. Соның 150-і сатылды. Бүгіндері кәсіпорын көрші Ресейден тағы 1 млрд теңгеге тапсырыс алған. Яғни, алдағы уақытта зауыттықтар 400 қондырғы жасауы тиіс. Компанияның цехтарын аралап көрген Премьер-министр Әлихан Смайылов кәсіпорынның жұмысына оң бағасын берді. Және алдағы уақытта үкімет тарапынан қолдау болатындығын жеткізді.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Сіз айтқан Шымкент, Орал қалалары мен осы Петропавлдағы зауыттардың экономиканы әртараптандыру үшін маңызды. Әсіресе, қазір көрші елдерде қосымша нарықтар ашылып жатыр. Өзімізде 42 млрд долларға дейін импорттайтын әлеуетіміз бар. Сондықтан үкімет тарапынан осындай жобаларды қолдауға бар көмегімізді көрсетеміз. Жобаларыңызды қолдаймыз.

Кейін үкімет басшысына өңірде жүзеге асырылып жатқан өзге де жобалар жайлы баяндалды. Оларды облыс әкімінің  орынбасары Дәурен Жандарбек айтып берді. Бүгінде өңірде жалпы құны 320 млрд теңгенің 37 жобасы жүзеге асырылып жэатыр. Нәтижесінде, 4 мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Ілкімді іске Әлихан Смайылов жоғарғы бағасын беріп, осы қарқынды жоғалтпау қажеттігін ескертті.

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...