Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары дәстүрлі «Туған елге тағзым» атты өлкетану-экпедициясына аттанды. 5 күн бойы балалар өңір аудандарын аралап, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
«Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен 2012 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан дәстүрлі жоба. Оның мақсаты туған жердің тарихына және бүгінгі тұрмысына зерттеу жүргізіп, оқушының танымын кеңейту. Іс-шара аясында балалар қаладағы «Alageum electric» электр-техникалық зауытын аралады.
НҰРЖАН АБДУЛЛАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТР-ТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ӨНДІРІС ДИРЕКТОРЫ:
- Жастардың бгінгі көрген оқушылардың қызығушылығы өте мықты. Қызықты сұрақтары өте көп. Петропавл электро техника зауытының жүйесі туралы айтып бердім. Оқушыларымызга өте қызықты болды. Мысалы, айтатын болсақ, Тайота продакш систем туралы айтқан кезде, балалрдың көздері жанып, сұрақтары көп болды.
Сонымен қатар оқушылар облыстағы сүт өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Алдымен балалар «Молсервис» ЖШС-нің мүмкіндіктерімен танысса, кейін «Зенченко и К» командиттік серіктестігі фермаларын аралады.
АЛПАМЫС СӘРСЕНБАЙ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НЗМ ОҚУШЫСЫ:
- «Зенченко» компаниясы ұнады деп айтуға болады. Себебі, мұнда көптеген қызықты нәрселерді және өзіме жаңа нәрсе көрбім. Сүттің қалай шығарылатынын және де қалай бізге сүт ретінде келетінің көре алдым. Алдағы уақытта да осындай қызықты эмоциялар мен осындай ұмытпас естеліктер өлкетану экспедициясында тағы орын алады дегенсенімдемін.
Бұл жоба аясында балалар Жамбыл, М. Жұмабаев және Айыртау аудандарына да сапар шегеді. Өңірдің ардақты ұлдары Мағжан Жұмабаев пен Сәбит Мұқановтың өмірімен және шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.
Айгерім Құсайынова