ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

17:21, 1 қазан 2020

Петропавлдағы Кеншінбаев көшесі 24 мекен-жайындағы көпқабатты үйдің тұрғындары жылусыз қалды. Бұған қоса, қыркүйек айынан бері тұрғын үйде ыстық су жоқ. Бұған себеп не және мәселе қашан шешіледі? Тілшіміздің бейнематериалы

Тұрғындардың жылусыз қалуына үй маңынан өтетін жылу тарату құбырының жөнделмеуі себеп болған. Мамандардың айтуынша, инфрақұрылым жекеменшік жер учаскесінде жатыр. Ал оның иесі тиісті жұмыстарды атқаруға рұқсатын бермей отыр.     

ГАЛИНА ЗЯБЛИКОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Биыл үйді жылыту маусымына дайындадық. Жертөлемізді де жөндедік. Бірақ, көрші учаскідегі азамат жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат бермеді. Салдарынан осындай мәселеге тап болдық. Жылу мен ыстық су болмады.

Кеншінбаев көшесіндегі нөмірі 24-ші үйдің тұрғындары мәселені шешуді сұрап қалалық әкімдікке барған.  Нәтижесінде уақытша жылу құбырын салу қажет деген шешім қабылданды.  Бүгінде тиісті жұмыстар атқарылды.

БАҚЫТ ІЛИЯСОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үйге жылу берілді. ЖЕР учаскісінің иесімен тиісті жұмыстар атқарылады. Кейін бұл мәселені де шешеміз.

Айта кету керек, БҮГІНДЕ Петропавлдағы көпқабатты үйлердің басым бөлігіне жылу берілді.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...