ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НЕСИЕ БОЙЫНША ҚАРЫЗЫ 4,4 МЛРД ТЕҢГЕ

17:18, 30 сәуір 2021

Соңғы кездері солтүстікқазақстандықтар банктен жиі несие алатын болған. Ал жерлестеріміздің несие бойынша қарызы шамамен 30 пайызға төмендеп, 4,4 млрд теңгені құрап отыр. Өңір тұрғындарының арасында қаржыны депозитке салушылар саны да артқан.  Ұлттық Банк филиалы бірінші тоқсанды қорытындылады.

Қазіргі таңда облыста екінші деңгейлі банктердің 13 аймақтық филиалы мен олардың 40 құрылымдық бөлімшесі жұмыс істейді. 2021 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша өңірдегі банктердің кредиттеу көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7% - ға артып, 182,6 млрд теңгені құрады. 

ДИАС МЭЛС, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 43,5 млрд теңге кредит берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға төмен. Және де айта кететініміз шағын кәсіпкерлікке осы өткен 3 айда 9,5 млрд теңге көлемінде кредитке бөілініп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,7-пайызға артты.

Алған кредитті қайтармаушылар саны әлдеқайда азайған. ҚР Ұлттық Банкінің облыстық филиалы өкілдерінің мәліметінше, азаматтардың жалпы қарызы 4,4 млрд теңгені құрады. 2020 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30,2% - ға төмен. Депозиттерге келетін болсақ, мұнда оң динамика тіркелген.

ДИАС МЭЛС, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- 2021 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша халықтың және заңды тұлғалардың банк филиалдары тартқан ақша қаражатының көлемі 20,8 пайызға ұлғайып 225,1 млрд теңгені құрады. Оның ішінде т87,6 пайыз облыс тұрғындарының салымдары, олар тұрақты өсім көрсетіп отыр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3 пайызға 197,1 млрд теңгеге дейін өсім байқалады.

Сондай-ақ, облыста «7-20-25» ипотекалық несиелендіру бойынша өтінімдер қабылдау жалғасуда. Бүгінгі таңда 5 млрд 439 млн теңге сомаға 711 қарыз мақұлданды. Айта кету керек, өңірде бағдарламаны 7 банк жүзеге асырады.

Майгүл Сейілбек

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...