ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

20:37, 30 маусым 2022

Облыста құқығы бұзылған тұтынушылардан түскен шағымдар саны артып келеді. Биылғы жылдың соңғы 5 айында өңірлік тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 170 өтініш келіп түскен. Оның 31,8% электрондық сауда қызметі саласындағы заң бұзушылыққа қатысты.

Сала мамандарының айтуына қарағанда келіп түскен шағымдардың көп бөлігі тауардың интернет дүкеннің сайтында ұсынылған үлгіге немесе сипаттамасына сәйкес келмеуіне, сондай-ақ тауарды қайтып алудан бас тартуына қатысты. Сондықтан тұтынушылардың құқықтарының бұзылу фактісін дәлелдеу үшін фото және бейнетіркеу жүргізу қажет. Тауар туралы ақпаратты, оның ішінде тауардың кепілдік және жарамдылық мерзімін мұқият қараған жөн. Бейтаныс тұлғаларға ақшаны аудармау керек. Яғни, өзінің құпия деректерін жібермеген абзал. Сондай-ақ, автокөлік сататын орталықтарда қосымша жабдық алуға мәжбүрлеу заңсыз саналады. Бұл «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның талаптарына қайшы.

ЛӘЗІМ МИЯШЕВА, СҚО ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ  ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 «Бүгінде өңірде «Wildberries» интернет-дүкенінің ақша қаражатын қайтармау проблемасына тап болған тұрғындарға көмек көрсету үшін жедел желісі де жұмыс істеп тұр. Оған 53-42-32 телефоны арқылы хабарласуға болады. Немесе telegram-bot,сондай-ақ, «e-tutynushy» және «е-otinish» бірыңғай ақпараттық жүйелері арқылы өтініш жолдауға болады. Сондай-ақ, жазбаша түрде де тастауға болады. »

 

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар