ШҰҒЫЛ! 60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

ҮЙІРМЕЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

13:17, 21 мамыр 2020

Петропавлдағы облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы екі айлық карантиннен кейін есігін айқара ашып, балаларды қарсы алды. Мұнда жеткіншектер би, ән, қолөнер, спорт және тағы басқа үйірмелерге қатысып, дарындарын шыңдайды.     

Облыстық  балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында  өңірдің 1000-ға жуық  жеткіншегі қосымша білім алып, қабілеттерін дамытады. 18 мамырдан бастап орталық 2 айлық карантиннен кейін есіктерін қайта ашты.

ВЛАДИМИР НОВИК, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ :  

- Карантиннен кейін орталықта 55 топ ашылып, 70-ке жуық бала дайындалып жатыр.   Негізгі бағытта жұмыс істейміз. Көркем-эстетикалық, экологиялық , спорттық,  қолданбалы өнер үйірмелері бар. Сабақтар мен жаттығулардың басым бөлігі түстен кейін болады. 

Мәжбүрлі демалыс айларында, балалр мен ұстаздар қол қусырып  отырған жоқ. Жүзден астам онлайн сабақтар жазылып, интернет арқылы шеберлік-сағаттары жүргізілді.  7 жасар Дарина Айбас  сурет салғанды жақсы көреді. Баланың қабілетін дамыту үшін, ата-анасы оны көркемөнер үйірмесіне жаздырған. Дарина ұстазымен бірге  сабақтарын карантин кезінде де үзген жоқ. Алайда орталыққа келіп дәріс алуды асыға күтті.

ДАРИНА АЙБАС, КӨРКЕМӨНЕР ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ:

Алдағы уақытта орталықта жоспарланған шаралар өте көп. Солардың, аса ауқымдысы, «Айналайн» вокалды ансамбілінің 20 жылдығын атап өту. Көрермендерін тамаша дауыстарымен қуанту үшін балалар қызу дайындық үстінде. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:22, 14 мамыр 2021
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...