ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ №2 ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

20:37, 6 мамыр 2022

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Петропавлдағы 2-інші Жылу-электр орталығына да барды. Биыл аталмыш нысанды күрделі жөндеуге 17,5 миллиард теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кездесу аясында Үкімет басшысы жауапты тұлғаларға шаруаны мерзімінде аяқтау керектігін баса айтты. Сондай-ақ,  осыдан екі ай бұрын құлаған мұржаның құрылысы жайы да сөз болды. Әріптесім Нұрбол Балғабеков сөз алады.

Петропавлдағы 2-інші Жылу-электр орталығы 1961 жылы іске қосылды. Ол – өңірдегі электр және жылу энегиясының жалғыз көзі. Жалпы айтқанда станцияның белгіленген электр қуаты 541 МВт құрайды. Ал жылу қуаты сағатына 713 Гигакалория. Бүгінде орталықтың 50 %-і әбден тозған. Сондықтан оның күрделі жөнделуіне 17,5 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Жұмыс басталды. Шаруаны Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан келген мамандар жүргізіп жатыр.

 АНДРЕЙ КАЛИНИЧЕВ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

«Біздің компания жылыту маусымына дайындықты қолға алды. Ең алдымен №1 мұржа тексерістен өтті. Оның нәтижесі мамыр айының ортасында белгілі болады. Сондай-ақ, №4 және №5 қазандықты  №2 мұржаға  ауыстыру схемасы әзірленді.  Сонымен қатар, 4 бірдей қазандық агрегатында күрделу жөндеу басталды. Жалпы келе жатқан жылыту маусымына 9 агрегатты іске қосу жоспарланып отыр. »

 Үкімет басшысы Әлихан Смайылов барлық жабдыққа мұқият техникалық тексеріс жүргізуді және жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды. Бұл ретте тұрғындарды жазда ыстық сумен қамтамасыз ету сонымен қатар жаңа жылыту маусымын белгіленген уақытта бастау аса маңызды

 ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

«Барлық жұмысты сапалы, кідіріссіз, кестеде белгіленген мерзімде аяқтау қажет. Компания басшылығы барлық қажетті қаражатты табуы керек.»

 Әзірге мұржаның құрылысы басталған жоқ. Жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал түтін мұржасы Ресей елінен сатып алынған. Бұл туралы Үкімет басшысына «Орталық Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Сергей Кан баяндап берді.

СЕРГЕЙ КАН, «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Мұржаның бір бөлігін Қазақстанның 4 зауытына жібердік. Онда жылыту беті әзірленеді. Біз орталықты күрделі жөндеуге  дайынбыз. Айта кетейін 2023-2024 жылыту маусымында жаңа түтін мұржасы болады.

 Үкімет басшысы кездесу соңында түтін мұржасы компания басшылығының қаражаты есебінен салынуы керек екенін айтты. Және барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтау қажеттігін тілге тиек етті.

 

Нұрбол Балғабеков

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...