ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫН 191 ТҮЛЕК БІТІРДІ

13:00, 20 маусым 2022

Әскери академияның 191 түлегі оқу орнын тамамдап, алғашқы шендерін алды. Жаңа өмірге қадам басқандардың 13-і оқуды үздік аяқтаған. Айта кету керек, білім ордасына Академия мәртебесі берілгелі бұл оның алғашқы шығарылымы. Ал жалпы оқу ордасы осымен 22-ші түлектерін қанаттандырып отыр.

Әдемі парадтық киімдерін киіп, қадамдарын нық басып алаңға болашақ офицерлер жүріп келеді. 191 курсант әскери академияның 22-ші түлектері атанып отыр. Олардың арасында Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары да бар.  Бүгіндері ел қорғаны әскерилерге жүктелген міндет зор. Жастардың оны абыроймен атқаратынына ҚР ҰҰ Бас қолбасшының тыл жөніндегі орынбасары Жандос Омарқұлов сенім білдірді. 

ЖАНДОС ОМАРҚҰЛОВ, ҚР ҰҰ БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ТЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: 

- ҰҰ академиясының қабырғасында алған терең білім, кәсіби дайындық және моральдық-психологиялық шынығу сіздердің одан әрі дамуларыңыз бен өзін-өзі танытуларыңыз үшін берік негіз болады деп сенемін. Әскери өнерді түсіну диплом алумен аяқталмайды. Ол ұзақ процесс. Үнемі білім мен дағдылдарды жетілдіріп отыруды талап етеді. Сондықтан академия түлектері ретінде осы зор міндетті абыроймен алып жүретіндеріңе сенім білдіремін.

Бұл күні түлектерге тілегін ҰОС ардагері Қожатай Некібаев та арнады. Қарт майдангер  жастарға өзі көрген зұлматты көрмей, антына адал, сертіне берік еңбек етіңдер деп батасын берді. Болашақ офицерлерді облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов құттықтады.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- 25 жыл ішінде оқу орны 4 мыңнан аса офицер даярлаған. Олардың көбі әскери бөлімдерді басқарып, басшылық қызметте жүр. Сіздерде өз міндеттеріңізді абыроймен атқарыңыздар.

4 жыл бойы ел қорғаны, білікті офицер болуға машықтанған курсанттар міне, қолдарына көптен күткен дипломдарын алды. Оқуды үздік аяқтаған 4 түлек осыған дейін еліміздің бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ішкі істер министрінің қолынан жоғары әскери білімін дәлелдейтін құжат пен лейтенант шенін алған. Тағы 9-ына бүгін  ҚР ҰҰ Бас қолбасшының тыл жөніндегі орынбасары Жандос Омарқұлов табыстады. Кейін сап түзеген офицерлік колонналар ән шырқап, салтанатты маршпен жүріп өтті.

Іс-шара концертпен жалғасып, соңында түлектер ақ көйлек киген бойжеткендермен вальс биледі. Курсанттардың бірі тіпті, сүйген қызына сөз салып та үлгерді. Кейін лейтенант атанған бозбалалар салтанатқа арнайы келген жақындарымен қауышып, құттықтаулар қабылдады.

 АБЗАЛ ІЗДІБАЙ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ:

- Мен Оңтүстік өңір қолбасшылығына қызмет етуге бағытталдым. Командалық-тактикалық ҰҰ басшылық мамандығына оқып шықтым. Осы мамандыққа оқып, оқу орнын бітіргеніме қуаныштымын.

ДӘУРЕН АМАНГЕЛДИНОВ,ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ:

- Әскери орнын үздік бітіріп, қызыл диплом алдым. Академияға алғысымды білдіремін.

Алда офицерлерді демалыс күтіп тұр. Кейін олар жолдама бойынша әскери бөлімшелерге қызметке аттанбақ.

 

Мағжан Ахмадина 

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар