ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ҰЛТЫ БАСҚА БОЛҒАНЫМЕН, ЖАНЫ ҚАЗАҚ

17:21, 30 сәуір 2021

Ағалы-інілі Евгений және Григорий Ивановтар СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде еңбек етіп келеді. Үлкені – ЕС 164/1, ал кішісі- ЕС 164/3 түзету мекемелерінде қызмет атқарады. Олардың ұлты чуваш, ата-анасы тың игеру жылдары Қазақстанға қоныс аударған екен. Мереке қарсаңында арна тілшісі Нұрбол Балғабеков ағайындылармен кездесті. Сюжетке назар аударайық.

Григорий Иванов – ЕС 164/1 түзету мекемесінде жасақ бастығы болып еңбек етіп жүр. Оның негізгі міндеті сотталғандар және қамауға алынғандар арасында тәрбие, әлеуметтік және психологиялық жұмыс жүргізу. Оған қоса жазасын өтеп жүргендерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

«Оссужденный Амангелды. Сегодня с вами провожу воспитательную беседу. Хочу довести вам права и обязанности оссужденных.»

Бұл мекемеде Григорий Ивановтың еңбек етіп келе жатқанына 4 жыл. Бұған дейін ол ЕС 164/4 мекемесінде де жасақ бастығы болған. Григорий өз ісінің маманы. Жұмысына ұқыпты, жауапкершілігі мол.

ГРИГОРИЙ ИВАНОВ, ЕС 164/1 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖАСАҚ БАСТЫҒЫ:

«Сотталғандармен жұмыс істеу оңай емес. Бірақ мен ешқашан жеңіл жолды таңдаған емеспін. Жазасын өтеушілердің арасында әртүрлі адам бар. Олардың мәселесін шешіп, көмектесуге тырысамыз».

Григорийдің ағасы Евгений де осы салада қажырлы еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда ол ЕС 164/3 мекемесінде бөлім бастығы болып қызмет атқарып жүр.

ЕВГЕНИЙ ИВАНОВ, ЕС 164/3 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

- «Менің негізгі міндетім - сотталғандар және қамауға алынғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу. Басқа жасақ бастықтарының жұмысын қадағалау. Қызметім өзіме ұнайды. Бірақ, осы салаға келіп еңбек етемін деп ойлаған жоқпын. Әскерден оралғаннан кейін келісімшарт бойынша жұмыс істей бастадым. Міне уақыт өте келе ЕС 164/3 мекемесіне ауыстым. Еш өкінген емеспін.»

Ағайындылардың ұлты – чуваш. Сөздерінше ата-аналары 1960-шы жылдары Башқұрстаннан тың игеруге келген.. Содан бері оларға Қазақстан құтты қонысқа айналды.

ГРИГОРИЙ ИВАНОВ, ЕС 164/1 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖАСАҚ БАСТЫҒЫ:

«Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын. Қазақ еліне алғысымыз шексіз. Олар өзге ұлт өкілдерін ешқашан шеттеткен емес. Бүгінде барлығымыз тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Ұлтымыз шуваш болғанымен жүрегіміз қазақ деп соғады. Әр мерекеде дастархан басына қазақтың ұлттық тағамдарын қоямыз. Қазақша тойлаймыз деуге болады.»  

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Қонақжайлық. Бұл қасиеттер Григорий мен Евгений Ивановтардың бойынан да табылады. Себебі олардың ұлты басқа болғанымен, жандары қазақ. 

Нұрбол Балғабеков

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...