ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҰЛЫТАУЛЫҚ САЯХАТШЫ ПЕТРОПАВЛҒА ЖЕТТІ

17:21, 21 шілде 2022

72 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Петропавлға жетті. Ақсақал Қазақстанның кең байтақ даласын жаяу жүріп өтуді мақсат еткен. Осылайша еңбек ардагері бүкіл елді аралап, басқа өңірлердің тұрғындарын Ұлытаудың тарихымен таныстыруды жоспарлаған. Қызылжар жұрты жиһанкез Сәрсенбай Оспанұлын құшақ жая қарсы алды.

72 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов күніне 40 шақырым жол жүреді. Бүгін Петропавл қаласына да аман-есен жетті. Осы күнге дейін 4500 шақырымды артта қалдырған ақсақалдың мақсаты- кең байтақ жерімізді жаяу аралап, Ұлытау ауданының шежірелі тарихынан сыр шерту. Одан да басқа жоспарлары бар екен.

 СӘРСЕНБАЙ ҚОТЫРАШОВ, САЯХАТШЫ:

«Қазақ даласы кең, халқы дархан. Әлемде мұндай біздің қазақ халқындай дархан халық жоқ дейді. Менің көзім жетті. Шешен, ингуш, неміс, кәріс ақсақалдарының айтқанына көзім жетті осы сапарымда. 4500 шақырымды артқа тастап, алда 3500 шақырым жол бар. Мен ыстыққа үйренген адаммын жаттығып еңбекпен. Ол ыстықтың маған кедергісі жоқ. Жаңбырдың да кедергісі жоқ. Жаңбыр жауса тіптен қуанамын. »

 Сәрсенбай Қотырашов еліміздің 17 облысын жаяу жүріп өтуді мақсат еткен. 72 жастағы ақсақал мұндай ұзақ жолға осыдан 6 жыл бұрын шыққысы келген. Бірақ, оның реті осы жылы ғана түскен.

 СӘРСЕНБАЙ ҚОТЫРАШОВ, САЯХАТШЫ:

«Бірінші мақсатым – қазақ тарихындағы Ұлытау өңірінің алатын орны, насихаттау. Екінші мақсатым – қолөнер шеберлерінің тізімін түгендеп, ЮНЕСКО-ға өткізу. Үшінші мақсатым- ұмытылып кеткен Көкмайса мейрамын қалпына келтіріп, жаңғыртып календарь бетіне шығарсам деген басты мақсатпен келе жатырмын.»

Жалпы, 72 жастағы жиһанкездің саяхаты наурыз айында басталыпты. Осы уақыттың ішінде жолда 6 жұп аяқ киім тоздырған. Сапар барысында Сәрсенбай Оспанұлы 60 келіден асатын арбасының дөңгелектерін де бірнеше рет ауыстыруға тура келіпті. Кейіпкеріміздің сөзіне қарағанда, қай облысқа тоқтаса да, халық құшақ жая қарсы алады екен.

СӘРСЕНБАЙ ҚОТЫРАШОВ, САЯХАТШЫ:

«Мен басында ойлағанмын пенсиям жетпейді ғой деп. Дархан халқымның арқасында келе жатырмын. Жүрген жерімде барлығы тамағым тегін. Қонақжай халық, төсек-орын бәрі тегін. Арасында көмектесіп қояды. Дөңгелек сатып алуға, аяқ-киім сатып алуға.»

Облыс орталығында Сәрсенбай ата музей аралап, өңіріміздегі қолөнер шеберлерімен кездеспек.Ұлытаулық марафоншының саяхаты Ақтау қаласында тәмамдалмақ. Кейін Сәрсенбай Оспанұлы сапары жайында ЮНЕСКО-ға есеп жіберіп, ел Президентімен жолығуды жоспарлап отыр.

 

Нұрбол Балғабеков

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар