ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҰСТАЗ ҚЫЛҚАЛАМЫНАН ТУҒАН КАРТИНАЛАР

20:40, 15 маусым 2022

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ұстаздардың қылқаламынан туған картиналардың көрмесі ұйымдастырылды. Көрермен назарына 20-дан астам жұмыс ұсынылды. Оқытушылардың кенеп бетіне түскен ойы өзіндік мазмұн және идеясымен  ерекшеленеді. Бояуларды сөйлеткен ұстаздар жайында келесі бейне материалда.

Былтыр қараша айында Назарбаев зияткерлік мектебінде ұстаздар үшін бейнелеуден шеберлік сабақтары басталды. Бұл мұғалімдерді шығармашылық тұрғыда шыңдап, олардың суретшілік қабілеттерін дамытып келеді. Атап өту керек,  бұл бастаманың авторлары-  өнер пәнінің мұғалімдері Назира Сәдуақасова  мен Әлия Молдахметова. Олардың идеясы мектеп әкімшілігі тарапынан қолдауға ие болып, осы жылы  40-тан астам ұстаз тәлім алды.

ӘЛИЯ МОЛДАХМЕТОВА,  ӨНЕР ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

- Шеберлік сабақтарына қатысуға ниет білдірген ұстаздар тобы ай сайын жаңарып отырады. Бір топта 5-6  ұстаз тәлім алды. Қатысушылар кемінде бір ай ішінде толық  бір картинаны салып бітіреді. Олардың таңдаған тақырыптары бірінен-бірі дараланып тұрды.

Білім мен өнер атты екі кеменің ұшын қатар ұстай білген білікті ұстаздар көркем туындылары арқылы көпшіліктің көңілінен шықты. Әр картина ұстаздың емес, құдды бір кәсіби суретшінің қылқаламынан туда  ма дерсің. Сурет салу сабақтарында тәлім алған дүниежүзі тарихы пәнінің оқытушысы Гүлнұр Аманжолқызы өз жұмысын немересіне арнапты. Автордың айтуы бойынша картинаны толық бітіруге 2 ай көлемінде уақыт кеткен және бояулар арқылы немересінің бейнесін емес, оның тәтті қылығы мен періште көңілін жеткізуді мақсат тұтқан.

ГҮЛНҰР АЛИБАЕВА, ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

-  Бізге осындай мүмкіндік тудырып отырған мектеп әкімшлігіне алығысымды білдіремін. Шеберлік сабақтарында өзімді жаңа қырынан ашып, рухани баий түстім. Мамандардың жетекшілігімен «Немере» атты туындымды майлы бояулар арқылы кескіндедім. Бала кезімде орындалмай қалған арманымның бірі жүзеге асқанына қуанып отырмын.

Суретшілік бойына дари білген мамандардың туындылары өмір шындығын паш етіп, жан көрінісінен, аяулы сезімдерінен сыр шертеді. Табиғат аясында демалуды жақсы көретін бұл туындының авторы өз суретінде еркіндік ұғымын жеткізгісі келді.

СӘУЛЕ МҰҚАНОВА, ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Шеберлік сабақтарда оқытушылар арнайы әдіспен оқытылды. Әлия Досымбекқызының айтуынша ұстаздардың көбісі қызығушылық танытып, сабақтан тыс сурет салуды жалғастырған. Бұл жоба келесі жылы да жалғасын таппақ.  

 

Алмагүл Тастанова

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар