ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ЗАҢ КЕҢЕСШІЛЕРІ ПАЛАТАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

17:17, 4 тамыз 2021

2018 жылы елімізде заң кеңесшілерінің қызметін ұйымдастыру мақсатында  Республикалық Тәуелсіз заң кеңесшілер палатасы құрылды. Заң кеңесшілері өздігінен жұмыс істегенде жеке және заңды тұлғалардың мүдделері тиісті деңгейде қорғалмай, жиі заң бұзушылықтарға жол берілетін. Сол себепті барлық өңірде заң кеңесшілерінің палатасы құрылған. Сөз кезегі әріптесімде.

Облысымызда құрылған заң кеңесшілері палатасының қазір өзге өңірлерде 7 филиалы жұмыс істейді. Биыл 4-ші жыл қызметін жүйелі атқарып отырған палатаның заң кеңесшілеріне ешбір шағым түспеген. Әр апта сайын қоғамдық қабылдаулар болып тұрады. Бұл жерде мамандар тегін кеңес береді. Мұнда жеке және заңды тұлғалар өздерін мазалап жүрген сұрақтарына тиісті жауап ала алады.

ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ, ТӘУЕЛСІЗ ЗАҢ КЕҢЕСШІЛЕРІ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Тәуелсіз заң кеңесшілері палатасы- ол заң кеңесшілерінің өздігінен жұмыс істегенде клиенттердің мүдделерін қорғамау, заң бұзушылықтардың орын алуы себептерінен құрылды. Біздің палатамыздың атқаратын жүгі ауыр. Өйткені  өңірлерде 7 филиалымыз бар. Палатада ревизорлық комиссия, тәртіптік комиссияларымыз бар. Тәртіптік комиссияға заң кеңесшілеріне қатысты шағым түскен жоқс. Болашақта да түспейді деп сенемін. Біз әділет департаментімен ынтымақтастықта қызмет атқарамыз.»

Заң кеңесшілері палатасы мемлекеттік органдармен тығыз байланыста қызмет атқарады. Өйткені мақсаттары бір яғни заң тұрғысында қызмет көрсету. Палатаға 75 заңгер мүше. Болашақта құрамын 200 адамға дейін арттыру көзделіп отыр.

РУСЛАН ИБРАГИМОВ, ТӘУЕЛСІЗ ЗАҢ КЕҢЕСШІЛЕРІ ПАЛАТАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - «Біздің жүйемізге енгізілген тағы бір өзгеріс - ол заң кеңесшілері алқасының құрылуы.  Бұл мәселе төңірегінде әділет министрлігімен біраз жұмыс атқардық. Коллегияға кірген әр заңгер  ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жарна төлеуі шарт. Біз бұл мәселені қарастыра келе алқаға кіруден бас тарттық.»

Заң кеңесшілері палатасына жоғары заң білімі және заңгер мамандығы бойынша жұмыс өтілі бар заңгерлер кіре алады.

Тақырып бойынша материалдар

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
17:18, 24 қыркүйек 2021
СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
20:46, 23 қыркүйек 2021
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...