ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Толығырақ

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

17:15, 22 ақпан 2021

Өткен жексенбі күні сағат түскі төрттер шамасында облыс орталығындағы бес қабатты үйде газ баллоны жарылып, 2 адам ажал құшты. Қазіргі таңда түрлі деңгейде жарақат алған 8 адам ауруханада жатыр. Бүгін ЖАРЫЛЫС БОЛҒАН үйге облыс әкімі Құмар Ақсақалов барып, жағдайды өз көзімен көрді. Өңір жетекшісі апатты жағдайға түскен пәтер иелеріне қаржылай көмек көрсетіліп, ғимаратты қалпына келтіру үшін қала қазынасынан тиісті қаражат бөлінетінін жеткізді. 

Ақпанның 21-і. Интернационал көшесі, 21 үй. Сағат түскі төрттер шамасында аталмыш тұрғын үйдің бірінші қабатындағы кафеде газ баллоны жарылып, өрт шыққаны  туралы ақпар келіп түсті. Оқиға орнына лезде жеткен өрт сөндірушілер мен полиция департаментінің мамандары тілсіз жаумен екі сағаттан астам уақыт бойы арпаласты. Оған ТЖД 21 техникасы мен 80-нан астам өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өкінішке қарай, бұл апаттан екі адам қаза тапты. 

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:

«Бүгінгі күні 2 адам қаза тауып, бір әйел ауыр халде жатыр. Тағы екі адам отадан кейін палатаға ауыстырылды. Сондай-ақ, түрлі деңгейде жарақат алған 8 адам ауруханада жатыр.»

Қазіргі таңда газ баллоны неден жарылғаны анықталып жатыр. Өңір жетекшісі пәтер иелеріне қаржылай көмек көрсетіліп, ғимаратты қалпына үшін қала бюджетінен қаражат қарастырылатынын айтты. Осы оқиғадан кейін облыс орталығындағы барлық дерлік дәмханалар тексерілетін болды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Мұндай оқиғаларды болашақта болдырмау үшін тиісті комиссия құрылып, сол комиссияның құрамына прокуратура, ТЖД өкілдері, әкімдік және «Атамекен» палатасының өкілдері кіреді. Біз осы көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан кафелерді барлығын тексеретін боламыз. Жалпы заң бойынша осы көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан кафелерде газ баллондарын пайдалануға болмайды.»

Қазіргі таңда зардап шеккен тұрғындарға көмек ауадай қажет. Тұрмысқа қажет заттарды қалалық мәдениет үйіне апаруға болады. Немесе қаржылай көмек көрсетуге болады. Қазіргі таңда волонтерлер әлеуметтік желіде ақша жинауды бастаған.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

«КӨКТЕМ – 2021»  КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ – ЖАТТЫҒУ БАСТАЛДЫ
20:38, 4 наурыз 2021
«КӨКТЕМ – 2021» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ – ЖАТТЫҒУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА КӨПІР САЛЫНАДЫ
20:39, 3 наурыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА КӨПІР САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:31, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...