ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК Толығырақ

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ

20:33, 22 ақпан 2021

Жатақханадағы жарылыстан зардап шеккендерге  жәрдемақы төленіп, баспаналары бюджет есебінен жөнделеді. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз маслихатында қала әкімі Болат Жұмабеков баяндады. 

Төтенше жағдай қызметі оқиға орнына хабарлама түскеннен кейін 3 минутта жетті. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз маслихатына қатысқан облыстық төтенше жағдайЛАР департаментінің бастығы  Рамиль Камаловтың айтуынша  жатақхананың бірінші қабатында орналасқан дәмханада  газ балоны жарылды.  Құтқарушылар дәмхананың асханасынан және  бірінші мен екінші қабаттағы бөлмелерден тағы 10 шақты газ балонды алып шықты. 

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:

- Жарылыстың салдарын жоюға 17 техника мен 110 адам жұмылдырылды.  Бұл үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмағандықтан, тұрғындар  газ балондарын қолданады.  Өрт шыққан және таралуы мүмкін бірінші мен екінші қабаттарынан 10 шақты балонды шығардық. 

Эвакуацияланған тұрғындар әуелі жақын маңдағы қалалық №2 мектепке, кейін университеттің жатақханасына орналастырылды.  Қала әкімі Болат Жұмабековтың айтуынша жүзден астам бөлме бюджет есебінен қалыпқа келтіріліп, иелері 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік жәрдемақыға ие болады. 

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қазірдің өзінде  6 мердігер компания  жұмыстарын өткізуге дайын.  Бүгін-ертең толық сараптама жасалады.  Кейін кіріп жұмыстарын істейді. Тұрғындарға бір реттік жәрдемақы беруге қаражатымыз бар.

Өкінішке орай, жарияланған мораторийға байланысты төтенше жағдайлар департаменті шағын кафелерді тексере алмайды.  Тағы бір айта кететіні, облыс орталығындағы 1159 көпқабатты үйдің 333-ші орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған. Яғни олар газ балондарды қолданады. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПАРА АЛҒАНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙЕДІ
20:40, 24 ақпан 2021
ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПАРА АЛҒАНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ 2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҰМЫСЫНАН БОСАТЫЛДЫ
17:15, 19 ақпан 2021
ОБЛЫСТЫҢ 2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҰМЫСЫНАН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:42, 18 ақпан 2021
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...