ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ 80 ЖАСТА

20:42, 5 мамыр 2022

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жоғары мектебінің академигі Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай 80 жасқа толды. Осыған орай осы университетте «Қазіргі заманғы журналистиканың ғылыми-педогогикалық аспектілері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Оған Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды, Көкшетау қалаларынан келген белгілі журналистер, әріптестері мен шәкірттері қатысты.

 Академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зарқын Тайшыбай М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде 2001 жылы «Журналистика» кафедрасын ашып, сол кафедраға үзбей басшылық жасап, болашақ тілшілерге дәріс беріп келеді. Өңірдегі журналистика мектебінің негізін қалаушы ғылыми ізденістермен де айналысады. Абылай хан, Абай және Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеп, құнды еңбектер жазған. Зарқын Сыздықұлын мерейтойымен облыс әкімі Құмар Ақсалаловтың атынан оның орынбасары Ғани Нығыметов құттықтап, иығына  шапан жапты.

 ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Зарқын аға үлкен мерейтойыңыз құтты болсын! Біз сізбен мақтанамыз. Сіздің үлесіңіз осы солтүстіктің дамуына, мәдениетіне, тарихына істеген үлесіңіз өте мол. Сізге үлкен рахмет! Сізге зор денсаулық тілеймін! Шығармашылық табыс тілеймін! Бала немерелеріңізге бақ-береке тілеймін! »

 Профессордың мерейтойына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференция барысында Зарқын Тайшыбай ҚР Білім және ғылым Министрі Асхат Аймағамбетовтың атынан «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ал, қарағандылықтар болса, Зарқын Сыздықұлына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің атынан құттықтау сөз табыстады.

Шара барысында еліміздің құрметті профессоры «СҚО құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Мерейтой иесін Алматыдан Қазақстан Журналистер Одағы басқармасының төрағасы Сейітқазы Матаев құттықтап келді. Ол профессорға Журналистер одағының Алтын медалін табыстады. Осынша құрметке бөлену- бұл ең алдымен тынымсыз еңбектің жемісі.

 СЕЙІТҚАЗЫ МАТАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Зарқын Тайшыбайды мен өте жақсы көрем. Бірінші танысқаным Қарағандыда. Мен Арқалықта жұмыс істегенде Қарағандыға ауысып, келіп, танысып Зарқын ағамыз «Орталық Қазақстан» редакциясында жұмыс істеді. Ол кісі кішіпейіл көкірегі жоқ тура сөйлейтін адам. Маған сол ұнайды. Қазақ тілінің намысына алаңдайтын адам.»

 Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар Одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы да Зарқын Тайшыбайды 80 жасқа толуымен құттықтап, өткен жылы басылып шыққан қаламгерлердің құнды кітаптарын сыйға тартты. Зарқын Сыздықұлының осындай жетістікке жетуі өмірлік серігі Гүлнәр Ахметжанованың да арқасы. Ол профессорды әрдайым қолдап, өмірінің біраз бөлігін бірге облыстық архивте өткізген.

 ГҮЛНӘР АХМЕТЖАНОВА, З.ТАЙШЫБАЙДЫҢ ЗАЙЫБЫ:  

«Бірге қызметтес болған, университеттерден келіп, қаншама осылай мерейтойға ат салысып жатыр. Зақаңның әрбір қырларын айтып жатыр. Тәубе деймін. Өздеріндей кішкентай құлыншақтар түлеп ұшып, үлкен азамат болды. Алды үлкен-үлкен қызметтерде жүргенін көріп жатсыздар. Зақаңмен 40 жылдай өмір сүрсем, барлығында архивте де бірге жүрдім. Ресейдің Омбы, Новосібір, Мәскеу қаларының архивтерінде жүрдік. Әлі де талай еңбектенеді. Әлі де талай шәкірт тәрбиелейді. Зақаңның жүздеген шәкірттері бар. »

 Зарқын Тайшыбай Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде де журналистика мектебін қалыптастырғанын еске сала кетейік. Бүгінде оның шәкірттері жер-жерде сүбелі еңбек етіп жүр. Солардың бірі- Ерлан Атамбай. Оның сөзіне қарағанда осы мамандықты сүюге, белгілі бір нәтижеге жетуге Зарқын Сыздықұлы үлкен әсер еткен.

ЕРЛАН АТАМБАЙ, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ АҚМОЛА ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  «Ол кісінің ғалымдығы, ол кісінің ең бастысы адамдығы. Ол студенттерді өзінің балаларындай көретін. Әрқайсысымен жеке-жеке. Журналистика бөлімінде оқып жүрген студенттердің әрқайсысын білетін. Яғни, ол кісінің қамқорлығы. Одан кейін екінші талабы ол кісі: «Әй, оқыңдар»,- сөзін күнде аузынан тастамайтын. Ол кісі әр сабағын күнделікті өткен өмірімен, күнделікті тәжірибесімен сабақтап, әр студенттің құлағына құйып беретін.»

Шара барысында Төлен Тілеубайдың «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл кітаптің өмірге келуіне оның ұстазы Зарқын Тайшыбай тікелей әсер еткен. 

 

Нұрбол Балғабеков

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...