ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТЕҢГЕСІ ҚАЙТАРЫЛДЫ

20:55, 13 тамыз 2020

Облыстың 68 жастағы тұрғыны үйіне бейтаныс адамды кіргіземін деп 1 млн-ға жуық теңгесінен айырылды. Тайынша ауданының 1952 жылғы тұрғыны үйіндегі  жинаған ақшасының жоғалғандығын айтып, полицейлерге арызданған.  

Тексеру барысында оның үйіне бірер күн бұрын бейтаныс  әйелдің келіп, түрлі тұрмысқа қажетті заттарды сатып алуды ұсынғаны анықталды. Зейнеткер одан ыдыс-аяқ пен төсек жабдықтарын сатып алыпты. Саудагер оның үйіне екінші күні қайта келген. Ал үш күн өткеннен соң зейнеткер үйдегі 900 мың теңгесінің жоғалғандығын байқаған. Полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, оны Көкшетау қаласынан тапты.  Ол Молдова Республикасының 1988 жылы туған азаматшасы екен. Аталған факті «Ұрлық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Зейнеткердің ұрланған ақшасы толығымен өзіне қайтарылды.   

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...